QazaqGaz 25 жылдығын атап өтуде: ширек ғасырда 1 трлн текше метр газ тасымалданды

QazaqGaz 25 жылдығын атап өтуде: ширек ғасырда 1 трлн текше метр газ тасымалданды

2025 жылғы 5қыркүйек, Астана — Елордада ұлттық компания QazaqGaz-дың 25 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Оған ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов қатысып,ұжым мен сала ардагерлерін мерейлі дата­мен құттықтады. Жиналғандар алдында сөйлеген сөзінде ведомство басшысы компанияның өткен ширек ғасырда газсаласының көшбасшысы әрі елдің энергетикалық қауіпсіздігінің ажырамас бөлігіне айналғанын атап өтті.
«25 жыл ішінде QazaqGaz орасан жолдан өтіп, энергетикалық тәуелсіздігіміздің тірегіне айналды. Сандардың өзі көп жайтты аңғартады: 20 мың шақырымнан астам магистральдық газ құбырлары мен бір триллион текше метрден астам тасымалданған газ — бұл орасан еңбек. Бірақ ең бастысы — әлеуметтік әсері: елдің газдандыру деңгейі екі есеге артып, 12 миллионнан астам азаматымызды жылу және энергиямен қамтамасыз етті. Барлық осы жетістіктердің артында мыңдаған мамандардың күнделікті еңбегі тұр. Бүгін біз саланың іргетасын қалаған ардагерлерді де, болашақтың міндеттерін атқаратынжаңа буын газ саласының мамандарына да құрмет көрсетіп жатырмыз», — деді Ерлан Ақкенженов.
Елді газдандыру — миллиондаған адамдардың өмір сапасына тікелей әсер ететін басты басымдықтардың бірі. Елеулі жобалардың ішінде елдің орталық өңірлеріне газ жеткізген «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының құрылысы бар.
Министр сала ардагерлерінің еңбегін ерекше атап өтті. Олардың қатарында Есет Әзербаев,Ұзақбай Қарабалин, Анатолий Тегісбаев және басқа да мамандар бар. Олардың адалдығы мен еңбегі жаңа буын газшыларға берік негіз болды.
Сондай-ақ министр QazaqGaz алдында тұрған ауқымды міндеттерді айқындады. Олардың қатарында: Қашағанда қуаты 1 млрд текше метр газ өңдеу зауытын салу; Стратегиялық маңызы бар «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистралының екінші желісін төсеу; Анабай мен Рожковское кен орындарын игеру; Жетісу облысының 130 мыңнан астам тұрғынының өмір сапасын арттыратын «Талдықорған – Үшарал» жаңа газ құбырын іске қосу.