Тимур Хабибуллин: мамандығын жүрек қалауымен таңдаған электромонтер

Тимур Хабибуллин: мамандығын жүрек қалауымен таңдаған электромонтер

Тимур Хабибуллин Қарағанды облысындағы «Топар» ГРЭС-тың электр цехында кезекші электромонтер болып жұмыс істейді. Энергетика саласына ол кездейсоқ келген жоқ — осы станцияда оның атасы мен ағасы да еңбек еткен. Мамандық таңдауға дәл солардың үлгісі себеп болған.

«Электромонтердің жұмысы әрдайым қажет. Бұл – тұрақтылық пен болашақ. Қазақстан дамып келеді, сондықтан жаңа жобалар іске асады», – дейді Тимур.

Бүгінде ол өз ісіне жауапкершілікпен қарап, жаңа дағдыларды меңгеріп, маман ретінде одан әрі дамуды жоспарлап отыр.