Айнагүл Алекешова: мұнай саласын бағындырған мұғалім

Айнагүл Алекешова:  мұнай саласын бағындырған мұғалім

Өндірістің мызғымас тірегі – жұмысшы мамандар. Олар кәсіпорынның үзіліссіз жұмысын қамтамасыз етіп қана қоймай, өнім сапасы мен өндірістік қауіпсіздікке тікелей әсер етеді. Атырау мұнай өңдеу зауытында өзінің ісіне адал, білікті маман – алтыншы дәрежелі химиялық талдау зертханашысы Айнагүл Алекешова еңбек етеді.

Айнагүл Кимирзанқызы еңбек жолын 1995 жылы бастауыш сынып мұғалімі ретінде мектепте бастап, кейін білім беру саласының түрлі қызметтерінде жұмыс істеді. 2011 жылы Атырау МӨЗ-на келіп, кәсіби жолын жалғастырды. Бұл жылдар ішінде ол зертханашы, зертхана инженері, технологиялық қондырғы операторы, ішкі және сыртқы коммуникациялар жөніндегі маман, әлеуметтік мәселелер жөніндегі бас маман қызметтерін атқарды.

Қазір ол химиялық су тазарту цехының жаңа өндірістерді қамту учаскесінде еңбек етуде. Жоғары кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігінің арқасында әріптестері арасында үлкен құрметке ие. 2022 жылы оның есімі зауыттың Құрмет тақтасына енгізілді.

Айнагүл Алекешова тәжірибелі де жауапты мамандар – кәсіпорынның табысты дамуы мен жоғары нәтижелерге жетуінің кепілі.