2025 жылғы 12 тамызда ҚР Энергетика министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Ләззат Қосаева Мұнай-газ-химия және техникалық реттеу департаменті қызметкерлеріне семинар өткізді.
Іс-шара барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары, атап айтқанда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңда көзделген шектеулер мен оларды сақтау міндеттері түсіндірілді. Сонымен қатар қызметтік тәртіпті нығайту мен лауазымдық міндеттерді адал атқарудың маңыздылығына тоқталды.
«Адалдық, ашықтық және мемлекет мүддесіне адал қызмет ету – мемлекеттік қызметтің басты қағидаттарының бірі. Әрбір қызметкер сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар мен әдеп нормаларын сақтауда жеке жауапкершілікті сезінуі тиіс», – деді Ләззат Қосаева.
Мұндай семинарлар мемлекеттік қызметкерлердің адал әрі әдеп нормаларын қатаң сақтауына ықпал етеді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда тиімді тәсіл саналады.