Энергетика министрлігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді түсіндіруде

Энергетика министрлігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді түсіндіруде

2025 жылғы 6 тамызда ҚР Энергетика министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі Ләззат Қосаева көмірсутектер мен жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаментінің мемлекеттік қызметшілері үшін оқыту семинарын өткізді.

Семинар барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама нормалары, оның ішінде ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңында көзделген шектеулерді сақтау талаптары түсіндірілді. Ерекше назар қызметтік тәртіпті нығайтуға және мемлекеттік қызметшілердің өз лауазымдық міндеттерін адал әрі мүлтіксіз орындауына аударылды.

«Мемлекеттік қызметтің басты қағидаттары – адалдық, ашықтық және мемлекет мүддесіне адал қызмет ету. Әр қызметші сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар мен этика нормаларын сақтау бойынша жеке жауапкершілігін сезінуі тиіс», – деп атап өтті Ләззат Қосаева.

Мұндай іс-шаралар мемлекеттік қызметте адалдық пен этикалық мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының алдын алуға ықпал етеді.