Энергетика министрлігі 2026–2030 жылдарға арналған энергокомпанияларының инвестбағдарламаларын қарауда

Энергетика министрлігі 2026–2030 жылдарға арналған энергокомпанияларының инвестбағдарламаларын қарауда

ҚР Энергетика министрлігі 2026–2030 жылдарға арналған табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын қарауды бастады. Бұл бағдарламалар реттелетін қызметтерді көрсетуге тартылған қолданыстағы қуаттарды жаңғыртуға, қайта құруға және жаңартуға, сондай-ақ жаңа объектілерді салуға бағытталған.

Қазіргі уақытта «АЖК» АҚ, «НК-КТЖ» АҚ, «Көкшетауэнерго» ЖШС, «ОЭСК» АҚ және «Ақмола РЭК» АҚ сияқты компаниялардың инвестициялық бағдарламаларының жобалары қаралуда. Министрлік оларды технологиялық тұрғыдан негізділігі мен тұтынушылардың қажеттіліктеріне сәйкестігі тұрғысынан бағалауда, бұл қызметтердің сапасы мен сенімділігін арттыруға бағытталған.