Биыл Қазақстанда 9 автомобильдік газ толтыру компрессорлық станциясы салынады

Биыл Қазақстанда 9 автомобильдік газ толтыру компрессорлық станциясы салынады

Ақтау, 2025 жылғы 1 тамыз — ҚР Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов жұмыс сапары аясында Ақтау қаласындағы автомобильдік газ толтыру компрессорлық станциясының (АГТКС) қызметімен танысты.

Бүгінгі таңда Маңғыстау облысында екі АГТКС жұмыс істеп тұр — Ақтау қаласында және Бейнеу ауылында. Бұл станциялар тиісінше 2023 және 2024 жылдары пайдалануға берілген.

Ақтаудағы станция жабық аумақта орналасқан және тек облыс аумағындағы бағыттарда жүретін қоғамдық көлік паркін ғана газбен қамтамасыз етеді. Жеке және коммерциялық көліктерге бұл станцияда жанармай құюға рұқсат етілмейді. Ал Бейнеудегі АГТКС автожол бойында орналасқан және жергілікті қоғамдық көліктермен қатар транзиттік жүк көліктерін де газбен қамтамасыз етеді.

Аталған станциялар сығылған газ инфрақұрылымын дамыту жоспары аясында салынуда. Жобаның бірінші кезеңі бойынша 2025 жылы Қазақстанның әр өңірінде 9 АГТКС салу жоспарланған, оның ішінде Ақтау мен Бейнеудегі станциялар да бар. Ал екінші кезең аясында 2026 жылы тағы 15 станция іске қосылады, олардың қатарында Жаңаөзен мен Жетібай ауылы да бар.

АГТКС желісін дамыту — экологиялық таза көлікті қолдауға және өңірлердің отын тұрақтылығын арттыруға бағытталған.