Энергетика министрлігінде 2026–2027 жылдарға арналған электростанцияларды жөндеу науқанының жоспарлары қаралды

Энергетика министрлігінде 2026–2027 жылдарға арналған электростанцияларды жөндеу науқанының жоспарлары қаралды

Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті «KEGOC» АҚ ұлттық қадағалау орталығымен бірлесіп, блоктық электр станцияларында 2026-2027 жылдарға арналған жөндеу науқанының жоспарларын қарады.

Осылайша, «ЕЭК» АҚ электр станциясында № 4, 5 энергоблоктарды күрделі жөндеу жоспарланған. «Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ кеңейтілген түрде  № 1 энергоблокқа ағымдағы жөндеу және № 2 энергоблокқа ағымдағы жөндеу, «Екібастұз МАЭС-1» ЖШС № 6 энергоблокқа күрделі жөндеу және кеңейтілген түрде № 2 энергоблокқа ағымдағы жөндеу.

Отырыс қорытындысы бойынша электр станцияларының бірінші басшыларына нұсқау берілді:

- жөндеу жұмыстарының сапалы және уақытылы орындалуын қамтамасыз ету, жабдықты жөндеуден шығару және іске қосу мерзімдерін бақылау;

- 2025-2026 жылдардың күзгі-қысқы кезеңінен өту кезінде электр станцияларының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету;

- жөндеу жұмыстарының кестесінің сақталуын қамтамасыз ету.