Шымкент, 2025 жылғы шілде — ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық бақылау мен қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті комитеттің орталық аппарат өкілімен бірлесіп, бірқатар энергетикалық нысандарға жоспардан тыс мониторинг жүргізді.
Іссапар аясында «3-Энергоорталық» АҚ-ның ЖЭО, «Оңтүстік Жарық» ЖШС аймақтық электр желілері компаниясы және «Куатжылуорталық-3» ШЖҚ МКК-ның нысандары қаралды. Мамандар жабдықтардың техникалық жай-күйімен және жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
«3-Энергоорталық» ЖЭО-да биыл №2 және №3 қазандықтарға күрделі жөндеу жоспарланған. №2 қазандықтың жөндеуі аяқталды, №3 қазандықтағы жұмыс жалғасуда. «Куатжылуорталық-3» -тың АДЦ-160 қазандық цехында екі қазандыққа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асуда.
Қайта өткізілген конкурстық рәсімдерге байланысты жылу желілеріндегі ағымдағы жөндеу жұмыстары тамыздың бірінші онкүндігінде басталады деп күтілуде.
«Оңтүстік Жарық» ЖШС-де жоспарлы жөндеу жұмыстары да бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.
Мониторинг барысында жұмыстардың мерзімі мен көлемін сақтау, алдағы 2024–2025 жылғы жылыту маусымына дайындық, технологиялық ақаулардың алдын алу, сондай-ақ электр және жылу желілерін пайдаланудағы тәуекелдерге ерекше назар аударылды.