Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Павлодар облысындағы блоктық электр стансаларында болды. Алдағы жылу беру маусымына дайындықты бақылау шеңберінде Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Илья Рожковпен жөндеу жұмыстарының барысы қаралды.
Осылайша, «ЕЭК» АҚ электр станциясында No3 энергоблоктың жөндеу жұмыстары аяқталды, No4 энергоблоктың жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Екібастұз МАЭС-1» ЖШС электр станциясында №1, 2, 3, 4 энергоблоктардың ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. No5 энергоблок кеңейтілген ағымдағы жөндеуде. «Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ-да No2 энергоблоктың жөндеу жұмыстары аяқталды, No1 энергоблок жөндеуде. Жалпы, жөндеу жұмыстары кестеге сай жүргізілуде.
Көмір мен мазут қоры мақсатты түрде жасалуда. Көмекші жабдықтарға жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде.
Комитеттің аумақтық департаментіне жылумен және электрмен жабдықтау объектілерінің негізгі жабдықтарына жөндеу жұмыстарының барысын тұрақты бақылауға алу тапсырылды.