Энергетика министрлігі «ЖЕР-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларына қатысты

Энергетика министрлігі «ЖЕР-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларына қатысты

ШЫМКЕНТ, 2025 жылғы 22–23 шілде – ҚР Энергетика министрлігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ұйымдастырған «ЖЕР-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларына қатысты. Оқу-жаттығулардың мақсаты – жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға азаматтық қорғау қызметтерінің өзара іс-қимылын және дайындығын пысықтау.

Дайындық барысында салалық ұйымдардың күштері мен құралдары дайындыққа келтіріліп, әрекет ету жоспарлары өзектендірілді, хабарландыру, байланыс, энергиямен жабдықтау жүйелері мен материалдық-техникалық қорлар тексерілді.

Салалық ұйымдармен бірлесіп келесі шаралар қамтамасыз етілді:

•мұнай өнімдерінің қоймалардағы қорын толықтыру;

•сейсмикалық қауіпті аймақтарда электрмен жабдықтаудың арнайы режимдеріне көшуге дайындық;

•атом энергиясын пайдаланатын нысандарда радиациялық бақылауды күшейту.

Оқу-жаттығу кезінде далалық лагерь аумағында ҚР Энергетика министрлігінің республикалық азаматтық қорғау қызметінің командалық штабы құрылып, барлық тартылған қызметтердің әрекеттерін жедел басқаруды қамтамасыз етті. Министрліктің жедел тобының жұмысын ҚР Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс басқарды.

Министрліктің республикалық азаматтық қорғау қызметтері арасындағы жедел байланыс «ОЭК» АҚ Ситуациялық-талдау орталығы және «KEGOC» АҚ Ұлттық диспетчерлік орталығы арқылы жүзеге асырылады.

Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша келесі негізгі тұжырымдар жасалды:

•Министрліктің салалық қызметтерінің ауқымды төтенше жағдайларға ден қоюға дайындығы расталды;

* Отын-энергетикалық кешен мен азаматтық қорғау органдары арасындағы жедел іс-қимыл жүйесін жетілдіру бағыттары айқындалды;

•Орталықтандырылған ресурстарға шектеулі қолжетімділік жағдайында іс-қимылдарды үйлестіру тәжірибесі алынды;

•Жанармай, энергиямен жабдықтау және байланыс резервтерін тұрақты түрде сақтау маңыздылығы атап өтілді.

Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша Энергетика министрлігінің төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға және елдің энергетикалық қауіпсіздігін тұрақты қамтамасыз етуге жоғары дайындық деңгейі расталды.