Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасарының Ұлытау облысына жұмыс сапары

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасарының Ұлытау облысына жұмыс сапары

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары Дархан Алиакпаров энергия кәсіпорындарының алдағы 2024-2025 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындығын бақылау және жөндеу науқанын өткізу шеңберінде Ұлытау облысына жұмыс сапарын жүзеге асырды.
Сапар барысында «СПТВС» АҚ, «Қазақмыс Дистрибьюшн» ЖШС жылу энергетикасы кәсіпорны және «Kazakhmys Energy» ЖШС-ның Жезқазған ЖЭО-ны қоса алғанда, жылумен жабдықтау объектілеріне барды. Дархан Алиакпаров негізгі энергетикалық жабдықтың техникалық жай-күйімен, сондай-ақ жөндеу жұмыстарының орындалу барысымен танысты.
Жұмыс кездесулері шеңберінде 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымының тұрақты өтуі, оның ішінде бекітілген кестелерге сәйкес жөндеу мерзімдері мен көлемдерін сақтау, объектілерді жөндеуді орындау үшін қажетті тауарлық-материалдық құндылықтармен (ТМҚ) қамтамасыз ету, сондай-ақ «СПТВС» АҚ тарапынан «Қазақмыс Дистрибьюшн» ЖШС жылу энергетикасы кәсіпорны алдыңдағы берешекті өтеу мәселелері талқыланды.
Сапар қорытындысы бойынша жөндеу науқанының орындалуын одан әрі бақылау және алдағы КҚК-ға дайындық үшін тиісті тапсырмалар берілді.