Қазақстан жаңартылатын энергия көздерін дамыту бағытын нығайта түсуде: 3 100 МВт астам қуат және 2027 жылға дейінгі ауқымды жобалар

Қазақстан жаңартылатын энергия көздерін дамыту бағытын нығайта түсуде: 3 100 МВт астам қуат және 2027 жылға дейінгі ауқымды жобалар

АСТАНА, 2025 ж. – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі экологиялық тұрақты болашаққа бағытталған жүйелі жұмысын жалғастыруда. 2024 жылдың қорытындысы бойынша елімізде жалпы қуаты 3 032 МВт болатын 153 жаңартылатын энергия объектісі жұмыс істеп тұрса, қазір қуаты 3122 МВт болатын 156 объектілер жұмыс жасап тұр. Бұл Қазақстандағы жалпы электр энергиясы өндірісінің 6,43%-ын қамтамасыз етті.

Орнатылған қуат пен генерацияның өсуі

2024 жылы ВИЭ объектілерінің жалпы электр энергиясын өндіру көлемі 7,581 млрд кВт·сағ болды, оның ішінде:

  • Жел энергетикасы – 4 513 млрд кВт·сағ
  • Күн энергетикасы – 1 889,6 млрд кВт·сағ
  • Гидроэнергетика – 1 177 млрд кВт·сағ
  • Биоэнергетика – 1,58 млрд кВт·сағ

Жаңа қуаттар мен инвестициялық жобалар

Қазіргі уақытта жалпы қуаты 2 258 МВт болатын 91 жоба түрлі іске асыру сатысында:

  • 20 жел электр станциясы (1 364,5 МВт),
  • 9 күн электр станциясы (282,6 МВт),
  • 58 шағын су электр станциясы (591,81 МВт),
  • 4 биоэнергетикалық жоба (19,25 МВт).

Халықаралық қатысу

Аукциондық сауда тетігі енгізілгеннен кейін ВИЭ секторына 14 елден 260-тан астам компания тартылды. Олардың қатарында Қытай, Германия, Түркия, Франция, БАӘ, Оңтүстік Корея және басқа елдер бар. Қазақстан «жасыл» энергетика саласында ашық әрі сенімді инвестициялық алаң ретінде танылуда.

2027 жылға дейінгі жоспарлар

2027 жылға дейін жаңартылатын энергия жобалары бойынша 4,6 ГВт көлемінде аукциондық сауда өткізу жоспарланған (2025 жылды қоса алғанда). Негізгі басым бағыттар:

  • энергияны жинақтау жүйелерін дамыту,
  • B2B-келісімшарттар тетігін жетілдіру,
  • ВИЭ объектілерін теңгерімдеуші нарыққа толық енгізу,
  • жаңа ВИЭ объектілері үшін диспетчерлік артықшылықты алып тастау мәселесін қарастыру,
  • шағын көлемді ВИЭ жобаларын дамыту.