2025 жылығы 25 маусымда Астана қаласында Мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-газ-химия салаларындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның отырысы өтті.
Күн тәртібінің негізгі мәселелері еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өндірістік жарақаттануды азайту болды. Талқылау барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жүзеге асырып жатқан шаралар ұсынылды, олар еңбек дауларын болдырмау мен қызметкерлер үшін қауіпсіз жұмыс ортасын құруға бағытталған.
Сонымен қатар, «Теңізшевройл» ЖШС ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасы аясында жұмысшыларды жоспарлы түрде босату мониторингіне ерекше назар аударылды. Қатысушылар босатылатын мамандардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету бойынша Жол картасы шеңберінде жұмыстарды талқылады.
Сонымен бірге, 2026-2028 жылдарға арналған салалық келісім жобасын дайындау бойынша жұмыс тобының қазіргі жұмысы қарастырылды. Талқылау барысында тараптар әлеуметтік әріптестік шарттарын келісу маңызды екенін атап өтіп, саланың тұрақты дамуы мен қызметкерлердің құқықтарын қорғауға ерекше мән берді.
Отырыс конструктивті атмосферада өтті. Тараптар әлеуметтік диалогты әрі қарай дамытуға және мұнай-газ секторында еңбек тиімділігін арттыру мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ұмтылысын растады.