2025 жылғы 25 маусымда Энергетика вице-министрі өңірдің көмірсутек саласындағы барлау компанияларымен кеңес өткізді.
Кездесу барысында Қ. Арымбек жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың талаптарын сақтау және жобалық шешімдерді орындау бойынша компаниялардың бірінші басшыларының ақпаратын тыңдады.
2024 жылы өңірдің жер қойнауын пайдаланушылары тарапынан 368 пог. км көлемінде 2Д, сейсмикалық барлау жұмыстары жүргізіліп, 3 барлау ұңғымасы бүрғыланды. 2030 жылға дейінгі минималды жұмыс бағдарламасына сәйкес жалпы сомасы шамамен 13,4 млрд теңге болатын 30 барлау ұңғымасын бұрғылау көзделген.
2025 жылы Торғай-палеозой учаскесінде 5585 метр тереңдікте ұңғыма бұрғылау жұмыстары аяқталды. Өңірде жекеменшік жер қойнауын пайдаланушы тарапынан 6000 метр тереңдікте ұңғыма бұрғылау мәселесі қаралуда.
Вице-министр ұлттық салалық заңнамадағы өзгерістерге қатысты түсініктемелер беріп, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізудің, сондай-ақ жобалық шешімдердің орындалуы мен сақталуының маңызды екенін тағы да атап өтті.