Энергетика министрлігінде этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық мәселелері бойынша семинар өтті

Энергетика министрлігінде этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық мәселелері бойынша семинар өтті

2025 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде қызметтік этика нормаларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша семинар өтті.

Іс-шараны министрліктің этика жөніндегі уәкілі Ляззат Қосаева Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің бас консультанты Саним Куантаеваның қатысуымен өткізді.

Семинар барысында құмар ойындарға қатысу, діни сенімдерді таңуға жол бермеу, қызметкерлерді діни бірлестіктер қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу, сондай-ақ жұмыс уақыты режимін сақтау мәселелері бойынша өзекті сұрақтар талқыланды.

Саним Куантаева қатысушылар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жан-жақты жауап беріп, ашық және мазмұнды пікір алмасуға ықпал етті.