АСТАНА — 2025 жылғы 16–17 маусымда Астанада «Орталық Азия – Қытай» Саммиті аясында «Power Central – Asia China» алғашқы өңірлік энергетикалық форумы өтеді.
Форумды ҚР Энергетика министрлігі мен «Инфрақұрылым және инновациялық дамуға жәрдемдесу қауымдастығы» ЗТБ (АСИИР) ұйымдастыруда. Ауқымды шараға жетекші энергетикалық корпорациялар мен институттар, оның ішінде China Southern Power Grid, PowerChina, Huawei, Energy China, China Datang, LONGi, KEGOC, Samruk-Energy, KazMunayGaz, QazaqGaz және Kazakh Invest компаниялары қолдау көрсетуде. Іс-шара Hilton Astana қонақүйінде өтеді.
Қазақстан – өңірлік энергетикалық хаб ретінде
Форумның негізгі мақсаты – инвестициялық, индустриялық және ғылыми-білім беру саласындағы бірлескен жобаларды саралау. Сондай-ақ еліміздің жасыл энергетика, цифрлық технологиялар мен өнеркәсіптік кооперациясын дамыту бойынша жетекші өңірлік хаб ретіндегі мәртебесін нығайтуға бағытталған.
Басқосуда экономиканың негізгі салаларына, яғни жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК), сутегі энергетикасы мен отын-энергетика кешенін (ОЭК) ESG талаптарына (экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару) сәйкес жаңғыртуға инвестиция тарту мәселелері талқыланады.
Мазмұнды бағдарламалар мен негізгі тақырыптар
Форум бағдарламасы келесі өзекті тақырыптарды қамтиды:
Қатысушылар:
Форумға энергетикалық нарықтың негізгі өкілдері мен мемлекеттік құрылымдардың мамандары қатысады:
Күтілетін нәтижелер мен бастамалар
Форум жұмысы нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған:
Аккредитациядан өту және қосымша ақпарат алу үшін іс-шараның ресми сайтында тіркеліңіз: www.pca2025.kz