Атомдық және энергетикалық бақылау комитеті төрағасының Атырау облысына жұмыс сапары

Атомдық және энергетикалық бақылау комитеті төрағасының Атырау облысына жұмыс сапары

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық бақылау комитетінің төрағасы Ержан Ертаев алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық және энергия кәсіпорындарының жөндеу науқанының жүргізілуін бақылау шеңберінде Атырау облысына жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында Ержан Ертаев «Атырау ЖЭО» АҚ, «Атырау Жарық» ЖШС, «Атырау жылу желілері» АҚ және «Karabatan Utility Solutions» ЖШС нысандарын аралап, энергетикалық жабдықтардың ағымдағы жай-күйімен және жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Негізгі жабдықтарды жөндеу жұмыстарының көлемі мен мерзімдерінің бекітілген графикке сай орындалуына ерекше назар аударылды. Кездесулер барысында 2024–2025 жылғы жылыту маусымының өту мәселелері, технологиялық бұзушылық жағдайлары, сондай-ақ электр және жылу желілерін пайдаланудағы проблемалық мәселелер мен энергия жабдықтарының жұмысына байланысты ықтимал тәуекелдер талқыланды.