Қазақстанның Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Астанада ОПЕК Бас хатшысы мәртебелі Хайсам аль-Гайспен кездесті

Қазақстанның Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Астанада ОПЕК Бас хатшысы мәртебелі Хайсам аль-Гайспен кездесті

Кездесу барысында министр Қазақстанның тарихи ОПЕК+ келісіміне оң көзқарасын жеткізіп, жаһандық мұнай нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін білдірді.

Тараптар ынтымақтастық нәтижелері мен «8 ел» кездесуі аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды жоғары бағалады.

Қазақстан ОПЕК және келісімге қатысушы мемлекеттермен одан әрі тығыз ынтымақтастыққа дайын екенін білдіріп, өндірушілердің, тұтынушылардың және жаһандық экономиканың мүддесі үшін әлемдік нарықтағы тұрақтылықты нығайтуға ынталы екендігін жеткізді.