«ОЭК АТО» АҚ Жастар кеңесі құрылды

«ОЭК АТО» АҚ Жастар кеңесі құрылды

«ОЭК АТО» АҚ-да жас мамандардың кәсіби дамуын қолдау, корпоративтік мәдениетті күшейту және бірыңғай жастар саясатын қалыптастыру мақсатында Жастар кеңесі құрылды.

Қоғам Басқармасының шешімімен кеңес мүшелері бекітіліп, оның жұмыс тәртібі мен негізгі бағыттарын айқындайтын Ереже мен Регламент қабылданды.

Кеңестің басты мақсаты - жас қызметкерлерді біріктіру, олардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту, Қоғамның стратегиялық міндеттеріне белсенді тарту және әрбір жастың әлеуетін толық ашуға мүмкіндік жасау.

Жастар кеңесінің негізгі міндеттері:

- жастардың маңызды бастамаларын қолдау және дамыту;

- көшбасшылық пен кәсіби қабілеттерді анықтап, жетілдіру;

- жаңа қызметкерлердің ортаға бейімделуіне көмектесу;

командамен жұмыс істеу мәдениетін және шығармашылық ойлауды дамыту.

Қазіргі уақытта кеңес түрлі жобалар мен іс-шаралар әзірлеуде. Олар ұйым ішіндегі жастармен жүйелі әрі нәтижелі жұмыс істеуге бағытталған.

Жастар кеңесінің құрылуы - Қоғамның жас мамандармен тұрақты, сапалы жұмыс жүргізуге бет алған маңызды қадамы. Бұл бастама компанияның ұзақ мерзімді дамуына өз үлесін қосады.