2025 жылғы 29-30 мамыр күндері Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Павлодар облысына жұмыс сапары аясында өңір тұрғындарымен есептік кездесу өткізді.
Кездесу барысында вице-министр өңірдің отын-энергетикалық кешенінің қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы халықты хабардар етті. Жиында жылыту маусымына дайындық, энергетикалық қуаттарды жаңғырту, аграрлық секторды дизель отынымен қамтамасыз ету және елдің солтүстік-шығыс аймақтарын газдандыру мәселелері қозғалды.
«Павлодар облысы еліміздің жалпы электр энергиясының шамамен 40% өндіре отырып, Қазақстан энергетикасының флагманы болып саналады», – деп атап өтті Сұңғат Есімханов.
Сондай-ақ, вице-министр электрмен жабдықтау, жылумен қамту және халықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету салаларындағы мемлекеттік саясат туралы айтып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында азаматтармен тікелей диалогтың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, вице-министр азаматтарды жеке қабылдау өткізіп, тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарға жан-жақты әрі толық жауап алу мүмкіндігіне ие болды.