ҚР Энергетика министрлігі Алматы энергетика және байланыс университетін 50 жылдық мерейтойымен құттықтады

ҚР Энергетика министрлігі Алматы энергетика және байланыс университетін 50 жылдық мерейтойымен құттықтады

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің орынбасары Бақытжан Ілияс ҚР Энергетика министрлігі атынан Ғұмарбек Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетін (АЭжБУ) құрылғанына 50 жыл толуымен құттықтады.

Өзінің құттықтау сөзінде Б. Ілияс университеттің еліміздің энергетика саласы үшін жоғары білікті мамандар даярлаудағы айрықша үлесін атап өтті. Сонымен қатар, АЭжБУ жарты ғасыр бойы Қазақстандағы жетекші салалық жоғары оқу орындарының бірі болып, ғылыми әлеуетті дамытып, оқу үдерісіне заманауи технологияларды енгізіп келе жатқанын ерекше атап өтті.

Бақытжан Ілияс университеттің профессорлық-оқытушылық құрамына және түлектеріне мамандыққа адалдығы мен ел энергетикасының дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдіріп, оқу орнына одан әрі өркендеу, ғылыми жетістіктер және жаңа талантты мамандар ұрпағын тәрбиелеуде табыс тіледі.