
2025 жылғы 30 мамырда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде энергетика министрі Бақытжан Ілияс Азиаттық инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің (АБИИ) вице-президенті Константин Лимитовский бастаған делегациясымен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында тараптар АБИИ-дің қаржылық құралдарын тарта отырып, Қазақстанның электр желілік инфрақұрылымын жаңғырту мүмкіндіктерін талқылады. Ерекше назар елдің Солтүстігі мен Оңтүстігін байланыстыратын жоғары кернеулі тұрақты токты электр жеткізу желісін салу жобасына, сондай-ақ Солтүстік және Батыс өңірлердегі желілерді жаңарту мәселелеріне аударылды.
Вице-министр АБИИ тарапынан басым инфрақұрылымдық бастамаларға тұрақты қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдіріп, Қазақстанның жасыл өтпелі кезеңін іске асыру және энергетикалық тұрақтылығын арттыру жолындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу конструктивті жағдайда өтіп, энергетика саласындағы болашақ бірлескен жобаларға негіз қалады.