Энергетика министрлігі мотор майларға таңбалау мен қадағалауды енгізу бойынша реттеушілік әсерді талдау қорытындылардың қоғамдық талқылауды өткізді. Іс-шарада Сауда және интеграция министрлігінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторы «Қазақтелеком» АҚ, салалық қауымдастықтар мен бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері қатысты.
2024 жылдың ақпанынан 2025 жылдың ақпанына дейін Энергетика министрлігі мотор майларын таңбалау бойынша пилоттық жоба өткізді. Оған ірі өндірушілер мен импорттаушылар қатысты. Жоба шеңберінде кодты генерациялау мен қолданудан бастап өнімді бақылауға дейін – барлық кезеңдер тексерілді.
Мұнай-газ-химия және техникалық реттеу департаменті Техникалық реттеу және интеграция басқармасының басшысы Әлия Дюсебаева таңбалауды еңгізу қажеттілігін растайтын реттеушілік әсерді талдау қорытындыларын ұсынды.
Таңбалау өндеу немесе импорттаудан бастап бөлшек саудаға дейін – мотор майларды өтпелі қадағалауын қамтамасыз етеді. Қолданылатын таңбалау кодтарды жалғап қою немесе қайта пайдалану мүмкін емес, олар өнім туралы толық ақпаратты, соның ішінде атауы, тұтқырлығы, көлемі мен сәйкестік декларациясын қамтиды.
«Мотор майлары – бұл жиі жалған жасалатын өнім санаты, ол тұтынушыларға қатты зиян келтіреді. Біздің көпшілігіміз автоқөлік жүргізушілеріміз және сапасыз мотор майы қозғалтқышты қымбат жөндеуге әкелуі мүмкін екенің барлығы өте жақсы біледі. Сарапшылардың әртүрлі бағалауы бойынша, Қазақстанда мотор майлардың көлеңкелі нарық үлесі 50% дейін жету мүмкін» – Әлия Дюсебаева атап өтті.
Таңбалау шеңберінде мотор майдың әр канистрі бірегей Data Matrix-кодты алады, ол тауар айналымға шығу сәтіне дейін өндірушімен немесе импорттаушымен қойылады. Ақпаратты Naqty Onim мобильді қосымша арқылы тексеруге болады, онда тұтынушы өнімнің шығу тегін, шығарылған күні мен жеткізу тізбегін біле алады.
Болжам бойынша, мотор майларға міндетті таңбалау енгізуі заңсыз айналым үлесін қысқартуға мүмкіндік береді. Энергетика министрлігі қоғамдық талқылау қорытындылары туралы есепті және реттеушілік әсерді талдау бойынша материалдарды Ұлттық экономика министрлігіне жібереді.