Астанада Қазақстандағы алғашқы ICS/OT Cybersecurity Day іс-шарасы өтті

Астанада Қазақстандағы алғашқы ICS/OT Cybersecurity Day іс-шарасы өтті

2025 жылғы 22 мамырда Астанада Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен «САЦТЭК РК» АҚ қолдауымен елімізде алғаш рет технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелері (АСУ ТП) мен аса маңызды инфрақұрылымның киберқауіпсіздігіне арналған арнайы іс-шара — ICS/OT Cybersecurity Day өтті.

Іс-шараны Халықаралық кибер тұрақтылық орталығы (ICCC), Fortinet компаниясы және Ассоциация Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен «САЦТЭК РК» АҚ қолдауымен ұйымдастырды.

Қатысушыларға құттықтау сөзін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Ілияс Бақытжан жолдап, энергетика мен басқа да аса маңызды технологияларға тәуелді салалардағы киберқауіпсіздікті кешенді қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Іс-шараның мақсаты — аса маңызды инфрақұрылымды қорғау мәселелерінде өнеркәсіптік кәсіпорындар, ақпараттық технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздік саласының мамандары және реттеуші органдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Іскерлік бағдарлама аясында халықаралық және өңірлік жетекші сарапшылар сөз сөйледі:

  • Майкл Хоффман (Dragos/SANS) — ICS/OT жүйелеріне төнетін өзекті қауіптер мен олардан қорғау әдістері;
  • Салтанат Маширова (Honeywell/ICCC) — киберқауіпсіздік саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және стандарттау;
  • Баттал Аубакир (Fortinet) — өнеркәсіптік нысандарды қорғау бойынша практикалық мысалдар;
  • Әмір Қайпиев (STIA/ICCC) — ICS/OT технологияларын дамыту және өңір үшін болашағы.

Іс-шараға жан-жақты қатысушылар жиналды: отын-энергетика кешені, өнеркәсіп секторы өкілдері, ІТ және ақпараттық қауіпсіздік мамандары, АСУ ТП инженерлері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері.