Меню
Страницы
Қызметі
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Министрлік туралы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Басқарма туралы
Құжаттар
Все материалы
21 августа 2026
Ақмола облысының 24 мыңнан астам тұрғыны газға қол жеткізді

Ақмола облысы Целиноград ауданында Қаражар және Қараөткел ауылдарын газбен қамту жұмыстары жоспарланған мерзімнен бұрын аяқталып, газ беру жүйесі іске қосылды. Бастапқы жоспар бойынша 2028 жылға дейін жалғасуы тиіс болған құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталды. Инфрақұрылымның мерзімінен бұрын пайдалануға берілуінің арқасында елорда маңындағы 24 мыңнан астам тұрғын көгілдір отынға қол жеткізді.
Жоба аясында шамамен 240 шақырым жаңа газ желісі тартылды. Қаражар Целиноград ауданында табиғи газбен толық қамтылған жетінші, ал Қараөткел сегізінші елді мекен болды. Екі нысанды бір мезгілде іске қосуға олардың бірыңғай магистральдық желі бойында орналасуы мүмкіндік берді.
Қаражар ауылында 53 шақырымға жуық газ желісі тартылып, бес мыңға жуық тұрғын табиғи газға қол жеткізді. Ал Қараөткелде жаңа газ желілерінің ұзындығы 185 шақырымды құрады. Ауылда 4 мыңнан астам отбасы тұрады, бүгінде 1,5 мыңға жуық абонент газбен жабдықтау жүйесіне қосылған. Елді мекенді газдандыру бес іске қосу кешені бойынша кезең-кезеңімен жүргізілді. Оның алғашқы екеуі өткен жылдың желтоқсанында пайдалануға берілсе, қалған үш кешен биыл толық аяқталды.
Целиноград ауданының тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Биыл Қызылсуат ауылында тиісті жоба жүзеге асырылып жатыр. Жұмыстар аяқталғаннан кейін 3 мыңға жуық тұрғын табиғи газға қол жеткізеді.
Сонымен қатар Ақмол, Қабанбай батыр, Өтеміс, Қызылжар, Нұресіл және Қажымұқан ауылдарын газдандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Аталған жобаларды іске асыру 2027 жылға жоспарланған. Нәтижесінде 30 мыңнан астам тұрғынды табиғи газбен қамтамасыз ету көзделіп отыр.

20 августа 2026
Энергоминде заңнамадағы жаңа өзгерістерге арналған семинар өтті

Энергетика министрлігінде Парламентаризм институтының өкілдерінің қатысуымен ел заңнамасындағы негізгі өзгерістерге арналған семинар өтті.

Іс-шараға Энергетика министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ Парламентаризм институтының өкілдері қатысты.

Семинар барысында Парламентаризм институтының Қоғамдық заңнама және мемлекеттік басқару орталығының басшысы Шолпан Саймова Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі жаңа нормаларын таныстырды. Мемлекеттік басқару жүйесі үшін маңызды өзгерістерге және олардың мәніне ерекше назар аударылды.

Парламентаризм институтының Аграрлық мәселелер, экология және табиғатты қорғау заңнамасы орталығының басшысы Маржан Жиенбаева Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңындағы жаңа нормалармен таныстырды.

Іс-шара барысында министрлік қызметкерлері спикерлерге сұрақтар қойып, жаңартылған заңнама ережелерін, сондай-ақ олардың мемлекеттік органдар қызметінде іс жүзінде қолданылуын талқылады.

Семинар мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзекті өзгерістерді түсіндіруге мүмкіндік берді.

20 августа 2026
ЖИ көмегімен ЖЭК генерациясын болжау дәлдігі 80%-ға дейін артады

«Самұрық-Энерго» АҚ жаңартылатын энергетика нысандарында электр энергиясын өндіруді жоспарлау үдерістерін цифрландыру жобасын жүзеге асыруда. Жасанды интеллект пен машиналық оқытуға негізделген шешімді 2026 жылдың соңында іске қосу жоспарланып отыр.

Болжау дәлдігі жел генерациясы нысандары үшін ерекше маңызды, өйткені өндірілетін электр энергиясының көлемі метеорологиялық жағдайларға тікелей байланысты. Атап айтқанда, құбылып тұратын әрі болжау қиындыққа түсетін желдің жылдамдығына тәуелді.

Шешімнің негізінде метеорологиялық қызметпен интеграцияланған жасанды интеллект моделі жатыр. Жүйе жел электр станцияларында электр энергиясын өндіруді болжауға қажетті кеңістікте және уақытқа сай нақтылай отырып, метеорологиялық деректерді барынша өңдейтін болады.

ЖИ моделін оқыту және бейімдеу үшін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі (ЭКЕАЖ) және SCADA жүйелерінен алынған тарихи әрі жедел деректер — электр энергиясын өндірудің нақты көрсеткіштері мен жабдық жұмысының технологиялық параметрлері пайдаланылатын болады. Бұл нақты пайдалану жағдайларын ескеруге және генерацияны болжау дәлдігін 80%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде операциялық жоспарлаудың тиімділігі артып, нақты өндірілген электр энергиясы көлемінің мәлімделген көлемнен ауытқуына байланысты қаржылық шығындар азаяды.

20 августа 2026
77 мың км газ тарату желісі жылыту маусымына дайындалуда

Энергетика министрлігі 2026–2027 жылдардағы алдағы күзгі-қысқы кезеңге отын-энергетика кешені нысандарын дайындауға ерекше көңіл бөледі. Газ инфрақұрылымының сенімді жұмысы қысқы жүктемелер кезеңінде тұтынушыларды тұрақты әрі үздіксіз энергиямен қамтамасыз етудің негізгі шарттарының бірі болып табылады.

Осы жұмыс аясында «QazaqGaz Aimaq» АҚ 2026–2027 жылдардағы алдағы күзгі-қысқы кезеңге газ шаруашылығын кешенді дайындауды жалғастыруда. Компанияның жауапкершілік аймағында 77 мың км газ тарату желісі, сондай-ақ оларда орналасқан газ шаруашылығының нысандары мен құрылыстары бар. Бүгінде дайындықтың жалпы деңгейі 91%-ды құрайды.

Жазғы кезеңде «QazaqGaz Aimaq» АҚ «Интергаз Орталық Азия» АҚ, коммуналдық қызметтермен, өңірлердің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармаларымен және ірі кәсіпорындармен бірлесіп, тұтынушыларды сенімді, қауіпсіз және үздіксіз газбен қамтамасыз етуге бағытталған жоспарлы жұмыстар кешенін жүргізуде.

Жылыту кезеңіне дайындық аясында реттеу және профилактикалық жұмыстар орындалуда. Бүгінде:

· ГРП және ГРПБ-ға ағымдағы жөндеу жұмыстары 92%-ға орындалды;

· ГРПШ және ШРП-ға ағымдағы жөндеу жұмыстары – 93%;

· электрохимиялық қорғау құралдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары – 93%;

· газ құбырларына аспаптық тексеру – 96%;

· ажырату құрылғыларына техникалық қызмет көрсету – 84%.

Биыл QazaqGaz Aimaq» газ қысымының төмендеу себептерін жоюға және газ тарату желілерінде апаттық жағдайлардың туындау тәуекелдерін барынша азайтуға бағытталған қосымша іс-шараларды да іске асыруда.

Барлығы 227 осындай іс-шара көзделген, оның 206-сы немесе 91%-ы орындалды. Атап айтқанда:

· газ құбырларын сақиналау – 93%;

· қосымша ШГРП орнату – 90%;

· ШГРП-дағы қысым реттегіштерін ауыстыру – 90%;

· газ құбырларының диаметрін ұлғайту – 89%.

Газ шаруашылығын алдағы жылыту маусымына дайындауға 6 306 өндірістік персонал қызметкері тартылды. Компанияның қызмет көрсетуінде 287 360 ГРП, ПГБ және ШГРП бірлігі бар.

Жүргізіліп жатқан барлық жұмыстар қысқы жүктемелердің ең жоғары кезеңінде тұтынушыларды тұрақты, үздіксіз және қауіпсіз газбен қамтамасыз етуге бағытталған.

20 августа 2026
2027 жылы Қазақстанда 845 МВт жаңа энергетикалық қуатт іске қосылмақ

Энергетика министрлігі елді сенімді әрі үздіксіз энергиямен қамтамасыз ету, генерациялау қуаттарын ұлғайту және қажетті электр энергиясы резервін қалыптастыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.

2027 жылы Қазақстанда 845 МВт жаңа энергетикалық қуатты іске қосу жоспарлануда. Атап айтқанда, Жамбыл ГРЭС-інде жалпы қуаты 210 МВт болатын 5 газтурбиналық қондырғыны, «МАЭК» ЖШС-де қуаты 160 МВт бу-газ қондырғысын, «Баскуат Энергопром» ЖШС жобасының бірінші кезеңі аясында жалпы қуаты 34,7 МВт болатын 5 газпоршеньді қондырғыны, сондай-ақ «Kazakhmys Energy» ЖШС-де қуаты 70 МВт бу-газ қондырғысын іске қосу көзделген.

Сонымен қатар, жалпы қуаты 570 МВт болатын жаңартылатын энергия көздері жобаларын іске асыру жоспарлануда. Олардың қатарында Алматы облысындағы қуаты 100 МВт күн электр станциясы, Қызылорда облысындағы жалпы қуаты 70 МВт болатын үш күн электр станциясы, Ақтөбе облысындағы әрқайсысының қуаты 100 МВт болатын екі жел электр станциясы, Қызылорда облысындағы қуаты 50 МВт жел электр станциясы, Түркістан облысындағы қуаты 50 МВт жел электр станциясы және Абай облысындағы жалпы қуаты 100 МВт болатын екі жел электр станциясы бар.

Жаңа қуаттарды іске қосу 2027 жылдың бірінші тоқсанында елдің электр энергиясына деген қажеттілігін өтеуге мүмкіндік береді. 2027 жылдың соңына қарай электр энергиясының шамамен 1,3 млрд кВт·сағ көлемінде профициті қалыптасады деп күтілуде.

Айта кетейік, 2026 жылы Қазақстанда шамамен 2,6 ГВт жаңа энергетикалық қуатты іске қосу жоспарлануда. Атап айтқанда, төрт газ электр станциясын іске қосу, қолданыстағы екі электр станциясын кеңейту, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерінің 10 жаңа нысанын іске қосу көзделген.

19 августа 2026
К5 маркалы бензинге арналған алкилат: Павлодарда жаңа мұнай-газ-химия жобасы жүзеге асуда

Энергетика министрлігі мұнай-газ-химия саласын дамыту, көмірсутек шикізатын терең өңдеуді кеңейту және қосылған құны жоғары өнім өндіру бойынша жұмысты жалғастыруда. Осындай жобалардың бірі – Павлодар қаласында алкилат өндіретін зауыттың құрылысы.

Құны 35,5 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жобаны «INTERTRANS C.А.» ЖШС жүзеге асыруда.

Қазіргі уақытта құрылыс алаңында белсенді жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, су деңгейін төмендету жұмыстары жүргізіліп, тауарлық парктер мен сорғы станцияларына арналған іргетастар тұрғызылуда, сондай-ақ әкімшілік ғимараттардың құрылысы жүргізілуде.

Жоба жылына 110 мың тонна бутан-бутилен фракциясынан 97,6 мың тонна алкилат өндіруді көздейді. Алкилат – жоғары октанды әрі экологиялық таза мотор отынының компоненті, ол К5 стандартына сәйкес келетін бензин өндіруде пайдаланылады.

Жобаны іске асыру көмірсутек шикізатын тереңірек өңдеуді қамтамасыз етіп, мұнай-газ-химия саласы өнімдерінің қосылған құнын арттыруға мүмкіндік береді. Айта кетейік, негізгі өткізу нарығы жоғары октанды бензин өндіретін отандық зауыттар болады. Сонымен қатар экспорттық жеткізілімдер де қарастырылуда.

Құрылыс кезеңінде 500-ге дейін жұмыс орны ашылады. Кәсіпорын жобалық қуатына шыққаннан кейін 178 тұрақты жұмыс орны құрылады.

Негізгі технологиялық жабдықтарды жеткізу 2026 жылдың IV тоқсанына жоспарланған. Зауытты пайдалануға беру 2027 жылдың IV тоқсанында жоспарланып отыр.

Қазақстанда өндіріс көлемін ұлғайту және мұнай-газ-химия саласын дамыту мақсатында бірқатар ірі жобалар іске асырылуда. Олардың қатарында карбамид, бутадиен және полиэтилен өндіру жобалары бар. Бұл жобаларды іске асыру көмірсутек шикізатын терең өңдеуді кеңейтуге, саланың экспорттық әлеуетін арттыруға және тиісті өнімдер бойынша елдің ішкі қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

18 августа 2026
Қазақстанда 2026 жылға жоспарланған 10 ЖЭК жобасының 7-еуі іске қосылды

Энергетика министрлігі жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.

Биыл елімізде жалпы қуаты 245 МВт болатын жаңартылатын энергия көздерінің 10 нысанын пайдалануға беру жоспарланған. Бүгінгі таңда 212 МВт болатын 7 нысан пайдалануға берілді.

Пайдалануға берілген нысандардың қатарында:

* Қостанай облысында қуаты 50 МВт «Aspan Energo» ЖШС жел электр станциясы;
* Маңғыстау облысында қуаты 20 МВт «Stellar Energy» ЖШС күн электр станциясы;
* Қостанай облысында қуаты 22,6 МВт «Altyn Solar Energy» ЖШС күн электр станциясы;
* Жетісу облысында қуаты 20 МВт «Jetisu Terra Power» ЖШС күн электр станциясы;
* Қарағанды облысында жалпы қуаты 100 МВт болатын «Гиперборея» ЖШС-нің үш жел электр станциясы бар.

Ағымдағы жылдың соңына дейін Қызылорда облысында қуаты 30 МВт «Альхена» ЖШС-нің екі күн электр станциясы жобасын, сондай-ақ Түркістан облысында қуаты 3,2 МВт «Тауэнерго» ЖШС-нің шағын гидроэлектр станциясын салуды аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда.

ЖЭК жобаларын іске асыру еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға, инвестициялар тартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және Қазақстанның энергия теңгеріміндегі экологиялық таза генерация үлесін арттыруға ықпал етеді.

17 августа 2026
Энергетика министрлігі көмір жеткізілімдерін мониторингтеудің бірыңғай цифрлық жүйесін іске қосты

Енді отын қозғалысын өндіру мен тиеуден бастап, өңірлерге жеткізу және халыққа сатуға дейінгі бүкіл тізбек бойынша бақылауға болады. Бұл ауытқуларды жедел анықтауға, тәуекелдерді бағалауға және олардың көмір жеткізіліміне әсер етуіне дейін қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.

Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінде коммуналдық-тұрмыстық сектор мен халықты көмірмен қамтамасыз ету жөніндегі Республикалық штабтың алғашқы отырысы өтті.

Штаб 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымы аяқталғанға дейін жұмысын жалғастырады. Оның негізгі міндеті – көмір қорларының жеткілікті көлемін қамтамасыз ету, логистиканың тұрақты жұмысын жолға қою және бүкіл жылыту маусымы бойы еліміздің барлық өңірлеріне көмірдің үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз ету.

2025–2026 жылдардағы жылыту маусымында өңірлерге шамамен 8,15 млн тонна көмір жеткізілді. Бұл жоспарлы көлемнің 109%-ын құрады. Ал алдағы жылыту маусымына қажеттілік 7,3 млн тонна көлемінде айқындалды.

Жаңа маусымда жеткізілімдерді бақылау бірыңғай цифрлық платформа арқылы күшейтіледі. Қазіргі уақытта елімізде 951 теміржол тұйығы және көмірді өткізумен айналысатын 586 оператор жұмыс істейді. Бұған дейін жеткізу тізбегінің әртүрлі кезеңдері бойынша ақпарат бірнеше дереккөзден келіп түскен. Енді олардың барлығы бірыңғай жүйеге біріктіріледі.

Платформа көмір қозғалысының – өндіру мен тиеуден бастап тасымалдау, қорларды жинақтау және түпкілікті тұтынушыға өткізуге дейінгі бүкіл тізбегінің бірыңғай цифрлық көрінісін қалыптастырады. Нақты уақыт режимінде көмір өндіру және тиеу көлемдері, көмірдің қозғалысы, тұйықтар мен қоймалардағы қорлар, бағалар, сондай-ақ өңірлер бойынша жоспарлардың орындалуы бақыланады.

Жүйе жеткізілімнің әртүрлі кезеңдеріндегі деректерді салыстыруға және ауытқуларды жедел анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, қордың жеткіліксіз көлемі қалыптасқан, тиеу қарқыны төмендеген немесе жеткізу кестесінің бұзылу қаупі туындаған учаскелерді анықтауға болады. Бұл мәселе түпкілікті тұтынушыға әсер етпей тұрып, алдын ала әрекет етуге мүмкіндік береді.

«Біздің міндетіміз – жеткізілімдердің бүкіл тізбегін ашық әрі әрбір кезеңде көрінетін ету. Ең бастысы – ауытқуларды алдын ала анықтап, олардың халықты көмірмен қамтамасыз етуге әсер етуіне дейін қажетті шараларды қабылдау», – деді Комитет төрағасы Ержан Ертаев.

Алдағы уақытта платформаның мүмкіндіктерін жасанды интеллект элементтері арқылы кеңейту жоспарлануда. Бұл деректерді тереңірек талдауға және жеткізу тізбегіндегі ықтимал тәуекелдерді дәлірек анықтауға мүмкіндік береді.

Отырыс барысында көмір өндіруші кәсіпорындардың есептері тыңдалып, көмір өндіру, тиеу және өңірлерге жеткізудің қазіргі жағдайы қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша негізгі міндеттер айқындалды.

Әкімдіктерге көмір қорларына тұрақты мониторинг жүргізуді, цифрлық платформадағы ақпаратты уақтылы жаңартуды және жеткізілімдерге қатысушылардың барлығымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету тапсырылды.

Көмір операторлары қоймалар мен тұйықтарда жеткілікті қор қалыптастыруға, көмірді үздіксіз өткізуді және халыққа тиісті қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ сұраныс шарықтаған кезеңде жүктемені арттыруға дайын болуға тиіс.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ға жоғары жүктеме кезеңінде жартылай вагондарды уақтылы беруді және тасымалдау инфрақұрылымының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету тапсырылды.

Көмір өндіруші кәсіпорындар өңірлердің өтінімдерін және қажетті тиеу көлемдерін қамтамасыз етуге, сондай-ақ сұраныс артқан жағдайда жеткізілім көлемін жедел ұлғайту мүмкіндігін сақтауға тиіс.

«Негізгі мақсат – халықтың бүкіл жылыту маусымы бойы қажетті көлемдегі көмірді уақытылы алуын қамтамасыз ету. Цифрлық мониторинг жеткізілімдердің бүкіл тізбегін көруге және туындайтын тәуекелдерге жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Ол үшін көмір өндіруші кәсіпорындар мен тасымалдаушылардан бастап операторлар мен өңірлерге дейін барлық қатысушылардың үйлесімді жұмысы қажет», – деп атап өтті Ержан Ертаев.

14 августа 2026
Энергетиктер Абай мұрасын дәріптеді

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінде Абай оқулары өтті. «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!» тақырыбындағы іс-шара ұлы ақынның өнегелі ойлары мен тағылымын кеңінен танытуға арналды.


Шығармашылық кешке Министрліктің және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысып, хакім Абайдың әдеби және музыкалық мұрасын әр қырынан танытты. Атап айтқанда, «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Сенбе жұртқа», «Кеше бала ең, келдің ғой талай жасқа» шығармалары мен 31-ші Қара сөзі мәнерлеп оқылды. «Көзімнің қарасы», «Бойы бұлғаң» әндері орындалды.


Бағдарлама домбыра мен гитара сүйемеліндегі музыкалық туындылармен және арнайы би қойылымымен толықты.
Іс-шара соңында қатысушылар Абайдың көпшілікке кеңінен танымал «Желсіз түнде жарық ай» әнін бірге орындады.

12 августа 2026
Өскеменде жылу және электр қуаты екі жоба есебінен артады

2026 жылғы 12 тамыз. Өскемен қаласында энергетика саласында екі ірі жоба жүзеге асырылуда. Қолданыстағы Өскемен ЖЭО-да жаңа энергоблоктың құрылысы басталды. Сонымен қатар жаңа ЖЭО салу жобасы да іске асуда. Екі жоба да қаланың одан әрі дамуын ескере отырып, жылу және электр қуатының көлемін арттыруға бағытталған.

Қолданыстағы ЖЭО-дағы жоба аясында сағатына 400 тонна бу өндіретін №16 қазандық агрегаты және электр қуаты 100 МВт болатын №13 турбинадан тұратын жаңа энергоблок салынады.

Сонымен қатар Өскемен қаласында жаңа ЖЭО салу жобасы жүзеге асырылуда. Жоба 2025-2029 жылдарға жоспарланған. Станцияның белгіленген электр қуаты 405 МВт, жылу қуаты 1000 Гкал/сағ құрайды.

Жаңа ЖЭО қалада өсіп келе жатқан сұранысты қамтамасыз ету үшін қосымша энергетикалық қуат қалыптастыруға мүмкіндік береді. Станцияда төрт энергетикалық қазандық, үш бу турбинасы және үш турбогенератор орнату жоспарлануда.

«Өскемен үшін бұл – қаланың өсуі мен жылу және электр энергиясына деген қажеттілігін ескере отырып, жаңа қуаттарды қалыптастыруға мүмкіндік беретін тағы бір маңызды жоба. Сонымен қатар құрылыс кезеңінің өзінде заманауи экологиялық шешімдер қарастырылуда», – деді ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов.

Жоба қазірдің өзінде практикалық кезеңге өтті. ЖЭО мен күл үйіндісін салуға арналған жер учаскелері рәсімделіп, негізгі техникалық шешімдер бекітілді. Құрылыс алаңында геологиялық және геодезиялық жұмыстар, аумақты дайындау және уақытша инфрақұрылым құру жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарының белсенді кезеңінде 2 500-ге дейін адам және 200-ден астам арнайы техника жұмылдырылады деп жоспарлануда.

Экологиялық талаптарға да ерекше көңіл бөлінеді. Жаңа ЖЭО-да түтін газдарын кешенді тазарту жүйесі бар «таза көмір» технологиясы қолданылады. Бұл технология азот және күкірт оксидтерінің, сондай-ақ қатты бөлшектердің шығарындыларын азайтуға мүмкіндік береді. Бұл Өскемен үшін аса маңызды, сондықтан заманауи экологиялық шешімдер жобаның құрылыс кезеңінен бастап қарастырылуда.

Екі жоба да қаланың перспективалық дамуы мен энергетикалық қуаттарға деген сұраныстың өсуін ескере отырып жүзеге асырылуда. Қолданыстағы ЖЭО-ны кеңейту жылу қуатының тапшылығын азайтуға мүмкіндік берсе, жаңа станцияның құрылысы Өскеменнің одан әрі дамуына қажетті қосымша энергетикалық базаны қалыптастырады.

Социальные сети
Instagram
Telegram
Facebook
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері