Меню
Страницы

I PetroMechChamp Kazakhstan чемпионатының өтетінін қуана хабарлаймыз!

I PetroMechChamp Kazakhstan чемпионатының өтетінін қуана хабарлаймыз!

 

2026 жылғы 16 қыркүйекте Атырау қаласында, IV Халықаралық PetroMaintenance-2026 форумы аясында I PetroMechChamp Kazakhstan чемпионаты өтеді.

Жаңа чемпионат мұнай-газ саласының үздік мамандарын бір алаңға жинайды. Қатысушылар өз кәсіби шеберлігін, жұмысты дәл орындау қабілетін және жоғары өндірістік мәдениетін көрсетеді.

🔧 Сайыс үш негізгі бағыт бойынша өтеді:
* дәнекерлеу-монтаж жұмыстары;
* құбырларды механикалық өңдеу және дайындау;
* фланецті қосылыстарға техникалық қызмет көрсету.

I PetroMechChamp Kazakhstan чемпионаты алғаш рет «ИНТРА» Сервистік компаниясы» ЖШС қолдауымен өтеді. ИНТРА — Қазақстан мен ТМД елдерінде жұмыс істейтін ірі отандық инжинирингтік компаниялардың бірі.

Компания 20 жылдан астам уақыт бойы өнеркәсіптік кәсіпорындардың технологиялық жабдықтары мен құбырларын жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша кешенді қызмет көрсетіп келеді. Сондай-ақ құрылыс және жөндеу жұмыстарына супервайзинг жүргізіп, техникалық аудит қызметтерін ұсынады. Компанияның тапсырыс берушілері қатарында ТШО, NCOC, ҚПО, КҚК-Қ, АМӨЗ және мұнай-газ саласының басқа да жетекші кәсіпорындары бар.

PetroMechChamp Kazakhstan мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға, үздік өндірістік тәжірибелермен бөлісуге және Қазақстанның мұнай-газ саласындағы жұмысшы мамандықтарының беделін көтеруге арналған жаңа кәсіби алаң болмақ.

PetroScaffChamp Kazakhstan және PetroMechChamp Kazakhstan чемпионаттарының бір күнде өтуі PetroMaintenance-2026 форумын еліміздегі ірі салалық алаңдардың біріне айналдырады. Мұнда үздік мамандар өз шеберлігін көрсетіп, тәжірибе алмасып, заманауи технологиялармен және халықаралық тәжірибемен таныса алады.

📅 16 қыркүйек 2026 жыл
📍 Атырау қаласы
📌 IV Халықаралық PetroMaintenance-2026 форумы аясында

📥 Қатысуға өтінім қабылдау басталды:
[https://forms.yandex.ru/cloud/6a436c84493639f9cbf7ca52](https://forms.yandex.ru/cloud/6a436c84493639f9cbf7ca52)

☎️ +7 7122 206 220
📱 +7 702 820 89 20
📱 +7 701 180 02 80
📱 +7 701 777 83 24
📱 +7 702 516 87 88

 

Социальные медиа
Instagram
Telegram
Facebook
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің сайты