
2026 жылғы 10–12 маусым аралығында Астана қаласындағы EXPO халықаралық көрме орталығы базасында Automechanika Astana 2026 халықаралық көрмесі өтеді. Бұл – автомобиль компоненттері, техникалық қызмет көрсету станцияларына арналған жабдықтар, сервистік және логистикалық шешімдер, майлар, техникалық сұйықтықтар мен автохимия саласындағы Орталық Азиядағы ең ірі салалық іс-шара.
2026 жылы көрме өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өтеді және тарихындағы ең ауқымды форматта ұйымдастырылады. Мерейтойлық көрмеге Қазақстан, Германия, Франция, Польша, Біріккен Араб Әмірліктері, Корея Республикасы, Үндістан, Қытай, Малайзия, Тайланд, Түркия, Ресей Федерациясы және өзге де елдерден автомобиль компоненттері, сервистік жабдықтар мен мұнай-химия өнімдерін өндіруші, жеткізуші және дистрибьютор 400-ден астам компания қатысады.
Automechanika Astana көрмесі әлемдегі ең ірі көрме компанияларының бірі – 800 жылдан астам тарихы бар және 50-ден аса елде өкілдігі орналасқан Messe Frankfurt GmbH компаниясына тиесілі жаһандық Automechanika көрме бренді аясында өткізіледі. Automechanika халықаралық желісі бес құрлықтағы 20-дан астам көрмені біріктіріп, автомобиль компоненттері, сервис және логистика нарығындағы халықаралық стандарттарды қалыптастырады. Орталық Азиядағы көрмені ұйымдастырушы – Business Media Central Asia компаниясы, ол Messe Frankfurt GmbH компаниясының өңірдегі ресми өкілі болып табылады.
Мұндай халықаралық салалық көрмелер мұнай-газ химиясы кешені мен жанар-жағармай материалдары нарығын дамытудың маңызды құралдарының бірі саналады. Аталған алаңдар мұнай-химия саласындағы халықаралық кооперацияны кеңейтуге, мұнай өңдеу кәсіпорындарының технологиялық базасын жаңғыртуға, көмірсутектерді терең өңдеу өнімдерін сыртқы нарықтарға ілгерілетуге, сондай-ақ жағармай материалдары, техникалық сұйықтықтар мен автохимия өндірісіндегі заманауи технологиялар трансферті мен инвестиция тартуға ықпал етеді.
Қазақстанның мұнай-химия саласы мен мұнай өнімдері нарығы үшін Automechanika Astana 2026 халықаралық өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тікелей диалог алаңы, жағармай материалдары, техникалық сұйықтықтар мен автохимия өндірісін жергіліктендіруді дамыту құралы, отандық мұнай өңдеу және мұнай-химия кәсіпорындарының технологиялық базасын жаңғырту тетігі, сондай-ақ қазақстандық өнімдерді жаһандық жеткізу тізбектеріне интеграциялау мүмкіндігі болып табылады. Көрменің мерейтойлық шығарылымы Қазақстан Республикасының мұнай-газ химиясы кластері белсенді дамып, сапалы жанар-жағармай материалдары мен ілеспе өнімдерге ішкі сұраныс артып отырған кезеңге тұспа-тұс келіп отыр.
Көрменің іскерлік бағдарламасы аясында Automechanika Academy білім беру бағдарламасы, Automechanika Live Stage демонстрациялық алаңы, өндірушілер, дистрибьюторлар мен тапсырыс берушілер арасындағы B2B-келіссөздер, жаңа өнімдер мен технологиялық шешімдердің таныстырылымдары, сондай-ақ салалық қауымдастықтар мен халықаралық серіктестердің қатысуымен өтетін сараптамалық сессиялар жоспарланған.
Көрмеге қатысу мұнай-газ химиясы кешені кәсіпорындарының мамандары мен басшыларына, жағармай материалдары, техникалық сұйықтықтар және автохимия өндірушілеріне, жанармай құю станциялары мен мұнай базалары операторларына, сервистік және логистикалық компанияларға, дилерлік және дистрибьюторлық желілерге, салалық қауымдастықтарға, ғылыми-білім беру ұйымдарына және мемлекеттік тапсырыс берушілерге өзекті.
Көрмеге келу тегін. Тіркелу үшін: https://exhibition.techno-light.kz/event.php?id=40&utm_source=minenrg