
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлігі) сұйытылған мұнай газын тұрмыстық баллондарда өткізу кезінде оны таңбалау және қадағалап отыру бойынша реттеушілік әсерді талдау (бұдан әрі – РӘТ) жобасының ресми интернет-ресурста және «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабарлайды.
Осыған байланысты Министрлік аталған жобаны талқылауға қатысуға шақырады. Талқылау 2026 жылғы 30 сәуір күні сағат 16:00-де бейнеконференция арқылы өтеді.
Талқылауға қатысу үшін 2026 жылғы 20 сәуірге дейін a.zhakupova@energo.gov.kz электрондық поштасына қатысушылардың кандидатураларын (толық аты-жөні, жұмыс орны, лауазымы, сондай-ақ ұялы телефон нөмірі көрсетіле отырып) жолдау қажет.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда 786837, 786985, 8 701-621-08-81 телефон нөмірлері арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.
Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған (сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15795025).