Меню
Страницы

«Баламалы (геотермалды) энергетиканы қаржыландыру тетіктері»

АНОНС

ҚР Энергетика министрлігі «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығымен бірлесіп, АХҚО-ның халықаралық Жасыл Өрлеу Форумы аясында 2018 жылғы 3-ші шілдеде «Баламалы (геотермалды) энергетиканы қаржыландыру тетіктері» тақырыбына панельдік сессия ұйымдастырады.

Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасында геотермалдық энергия көздерін дамытудың жай-күйі мен болашағын алдыңғы қатарлы шетелдік және отандық ғылыми-зерттеу және сараптамалық ұйымдардың қатысуымен сараптамалық талқылау.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «жасыл экономика» жөніндегі Кеңесінің мүшесі Бахыт Есекина жүргізеді.

Сессияға ҚР Энергетика вице-министрі Мағзум Маратұлы Мырзағалиев пен Қазақстан Республикасындағы Францияның Елшісі Филипп Мартин мырза қатысып, құттықтау сөз сөйлейді.

Спикерлер ретінде KAZENERGY атқарушы директоры Талғат Қарашев, Arctic Green Corporation (Исландия) компаниясының бас директоры Сигстейн Грэторсон, USAID-тың «Болашақ энергиясы» жобасының өкілі Олег Рясков, Гидрометеорология жөніндегі директордың орынбасары, Камчатка (Ресей Федерациясы) геотермиялық маманы Сергей Спектор,  ҚР ИДМ Гидолгеология және гидрофизика институтының директоры Мәлік Әбсәметов және басқалар сөз сөйлейді.

Іс-шараныңқорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне Дүниежүзілік банкпен бірге геотермалдық энергия саласында зерттеулер жүргізу және Геотермалдық энергетика бойынша сарапшылар қауымдастығын құру туралы ұсыныстар енгізу күтіледі.   

Өткізу орны: Астана қ., Хилтон Астана, «Женева» залы

Өтетін күні мен уақыты:  а.ж. 3 шілде, сағ. 11.30-13.00.

Байланыс: ҚР Энергетика министрлігі:  +7 (7172) 741474

                    «Жасыл Академия» ҒБО: +7 (7172) 277293, 277294, 277295

                     info@green-academy.kz

Социальные медиа
Telegram
Facebook
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты