Меню
Страницы

Энергетика министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу туралы хабарлама

Энергетика министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1089 Қаулысына сәйкес Министрлік жанындағы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу туралы хабарлайды.

Аккредиттеу жүргізу үшін жеке кәсіпкерлік субъектілері жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу қағидаларының 7-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынуы тиіс:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтiнiшті;

2) салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және бiрлестiктi заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiктiң* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;

3) бiрлестiк мүшелерiнiң тiзiмiн ұсынады.

Мемлекеттік органда аккредиттеуге үміткер бірлестіктер хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қағидаларға сәйкес құжаттар пакетін ұсынады.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерін аккредиттеуге қатысуға арналған құжаттар мына мекенжай бойынша ұсынылады (жіберіледі): Нұр-Сұлтан қ., Қабанбай батыр к-сі, 19, «ҚазМұнайГаз» ғимараты, А блогы.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8 (7172) 78-69-38, 78-69-93 телефондары арқылы алуға болады.

Социальные медиа
Telegram
Facebook
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты