Қазақстанның мұнай-газ саласы өнеркәсіптік өндірістің көшбасшы саласы ретінде экономиканы дамытудың негізі болып табылады және көп жағдайда ел экономикасының дербестігін айқындайды.
Елдің дамуында мұнай-газ кешенінде Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған сияқты үш ірі кен орны маңызды рөл атқарады.
ТШО
Теңіз жобасы
2022 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі 29,2 млн. тоннаны құрады (2023 жылға арналған жоспар – 27,9 млн.тонна).
2022 жылдың қорытындысы бойынша газ өндіру көлемі 16,1 млрд. м3 құрады (2023 жылға арналған жоспар – 15,5 млрд.м3).
2022 жылдың қорытындысы бойынша Келешекте кеңейту жобасы/ Ұңғыма ернеуінің қысымын басқару жобасы бойынша шығындар 41,7 млрд. долларды құрады.
«Теңізшевройл» ЖШС Келешекте кеңейту жобасын және Ұңғыма ернеуінің қысымын басқару жобасын іске асыруда.
Келешекте кеңейту жобасы объектілерін іске қосудың болжамды мерзімі – 2024 жылғы маусым.
Ұңғыма ернеуінің қысымын басқару жобасы объектілерін іске қосудың болжамды мерзімі – 2023 жылғы желтоқсан.
Іске асырылып жатқан жоба шеңберінде ТШО-ның өндіруі жылына 12 млн.тоннаға ұлғаяды.
Келешекте кеңейту жобасы бойынша болжамды қазақстандық қамту: 36%.
Жобаның жалпы құны: 46,7 млрд. долл.
Іске асыру мерзімдері: 2016-2024 жылдар.
2022 жылы жоба бойынша жұмыстың жалпы орындалуы 96,1%, 2023 жылға арналған жоспар 99% құрайды.
Сондай-ақ 2022 жылғы 19 шілдеде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Атырау облысының әкімдігімен және ТШО-мен бірлесіп, Келешекте кеңейту жобасын/ Ұңғыма ернеуінің қысымын басқару жобасының босатылып жатқан жұмыскерлерін жұмыспен қамту және жоспарлы босату мониторингі бойынша іс-шаралардың 2022-2023 жылдарға арналған жол картасына қол қойғанын атап өтемін.
2022 жылдың қорытындысы бойынша Келешекте кеңейту жобасын/ Ұңғыма ернеуінің қысымын басқару жобасынан 22 620 Қазақстан Республикасы азаматы босатылды, оның ішінде ТШО ішіндегі басқа объектілерге – 4 163 қызметкер ауыстырылды, ТШО-дан тыс басқа объектілерге – 986 қызметкер ауыстырылды.
2023 жылға арналған болжамды деректер – 31 100 Қазақстан Республикасы азаматы жұмыстан босатылды.
Кашаған
Қашаған жобасы
2022 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі 12,7 млн. тоннаны құрады (2023 жылға арналған жоспар – 18,2 млн.тонна).
2022 жылдың қорытындысы бойынша газ өндіру көлемі 8,1 млрд м3 құрады (2023 жылға арналған жоспар – 11,9 млрд м3).
2022 жылдың қорытындысы бойынша «Шикі газ айдаудың 2-ші компрессорын жаңғырту» жобасы іске асырылды, оның мақсаты Д аралында қолданыстағы 2 шикі газ айдау компрессорын (Шикі газ айдау) жаңғырту есебінен мұнай өндіруді ұлғайту.
Мұнай өндіру деңгейінің өсуі тәулігіне 400-ден 435 мың баррельді құрады.
Қазіргі уақытта Қашаған бойынша мынадай жобалар іске асырылуда:
Тәулігіне ~450 мың баррель мұнай өндірудің жалпы деңгейіне қол жеткізу. Жоба «QazaqGaz» ҰК» АҚ Газ өңдеу зауытына 1 млрд м3 шикі газ жеткізу есебінен мұнай өндіруді ұлғайтуды көздейді.
Пайдалануға беру 2025 жылдың 1 тоқсанында жоспарланған.
Болашақ игеру жобалары - 2 кезең.
2А кезең жобасы
Жоба «QazagGaz» ҰК АҚ салатын Газ өңдеу зауытына 2 млрд м3 шикі газды қосымша жеткізу есебінен мұнай өндіру деңгейін тәулігіне 450-500 мың баррельге дейін ұлғайтуды көздейді.
2027 жылы пайдалануға беру жоспарланған.
2Б кезең жобасы
Жоба 6 млрд м3 шикі газды әлеуетті алушыға жеткізу есебінен мұнай өндіруді тәулігіне 700 мың баррельге дейін ұлғайтуды көздейді.
2031-2032 жылдар кезеңінде пайдалануға беру жоспарланған.
ҚПО
Қарашығанақ жобасы
2022 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі 11,3 млн. тоннаны құрады (2023 жылға арналған жоспар – 12,2 млн.тонна).
2022 жылдың қорытындысы бойынша газ өндіру көлемі 19,4 млрд. м3 құрады (2023 жылға арналған жоспар – 23,1 млрд.м3).
Кен орнын болашақ игеру жоспарында сұйық көмірсутектерді өндірудің ағымдағы деңгейін жылына 11 млн. тонна деңгейінде ұстап тұру бойынша инвестициялық жобаларды және Қарашығанақты кеңейту жобасын – I кезеңді іске асыру көзделген.
4-ші газды кері айдау компрессорының жобасы (4ГКАК)
Жоба қабатқа айдалатын газ көлемін тәулігіне 30,2 млн.ст. м3-ден тәулігіне 38,9 млн. ст. м3-ге дейін ұлғайтуға бағытталған.
Жоба бюджеті: 578 млн. АҚШ. долл.
2022 жылғы 29 маусымда Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг объектіні пайдалануға қабылдау актісін жіберді.
Қарашығанақты кеңейту жобасы (ҚКЖ-1А)
Жоба шикі газды кері айдаудың қосымша 5-ші компрессорын енгізуді көздейді.
Іске асыру мерзімі: 2020 – 2025 жылдар
Жоба құны: 970 млн. АҚШ доллары
2022 жылдың желтоқсан айының соңындағы жағдай бойынша Жобаны іске асырудың жалпы ілгерілеуі 65%, графикте жоспарланған көрсеткіштер – 38,1% құрайды. Осылайша жобаны іске асыру біршама ілгерілеумен жүзеге асырылады. Жобаның 970 млн. АҚШ долларынан 441,7 доллары игерілді.
Қарашығанақты кеңейту жобасы (ҚКЖ-1Б)
Жоба шикі газды кері айдаудың қосымша 6-компрессорын енгізуді көздейді.
Қарашығанақты кеңейту жобасы-1Б жобасы бойынша түпкілікті инвестициялық шешім (ТИШ) 2022 жылғы 25 қарашада қабылданды.
Іске асыру мерзімі: 2022 – 2028 жылдар
Жобаның алдын ала құны: 734,6 млн. АҚШ долл.
Жобаны іске асырудың жалпы ілгерілеуі 2022 жылдың желтоқсан айының соңындағы жағдай бойынша 3,1% құрайды. Ал графикте жоспарланған көрсеткіштер – 0,7%. Осылайша, жобаны іске асыру біршама ілгерілеумен жүзеге асырылады. Жобаның игерілген сомасы 734,6 млн. АҚШ долларынан 53,7 АҚШ долларын құрайды.
Мұнай өнімдері
Отандық МӨЗ-ді жаңғырту жеңіл мұнай өнімдерін өндіру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді, оның ішінде:
Сонымен қатар, жеңіл мұнай өнімдерінің барлық түрлері бойынша тұтынудың өсуі байқалады.
2022 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өнімдерін өндіру 13,68 млн. тоннаны құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 7,1% - ға артық. Мұнай өнімдерінің негізгі түрлерінен: бензин өндірісі – 4,97 млн. тонна, дизель отынының рекордтық көлемі – 5,23 млн. тонна, мазут – 2,81 млн. тонна, битум – 930 мың тонна және авиакеросин-660 мың тонна.
2023 жылға арналған өндіріс жоспары - 13,44 млн.тонн.
Ортақ нарықтарды қалыптастыру
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕАЭО мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру туралы халықаралық шарттың талаптары күшіне енуі тиіс.
Ортақ нарықтарды қалыптастыру халықаралық шартты әзірлеуді және оған қол қоюды, сондай-ақ 2023 жылы әзірленуі тиіс Ережелердің үш түрін (халықаралық шарттың ажырамас бөлігі болып табылады) қамтиды.
1) Мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау жүйелеріне қол жеткізудің бірыңғай қағидалары;
2) Одақтың Мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарында Мұнай және мұнай өнімдерін сату Қағидалары (биржадан тыс сауда);
3) Мұнай және мұнай өнімдерімен биржалық сауда-саттықты өткізу қағидалары.
Қазіргі уақытта ЕАЭО мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру туралы Шарттың және жоғарыда көрсетілген Қағидалардың жобасы бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.
ЖЖМ нарығын реформалау бойынша
Қазақстан Республикасының Үкіметі 2022 жылғы 12 мамырдағы жанар-жағармай материалдарын өндіру және тарату жүйесін реформалау жөніндегі шаралар кешенін мақұлдады.
Бірінші. Мұнай өнімдерін өндіру және тарату саласында ашықтық пен транспаренттілікті қамтамасыз ету.
30 желтоқсанда мұнай өнімдерін сату (көтерме жеткізушілерге қойылатын талаптарды қатаңдату) және МӨЗ-ге мұнай жеткізу кезінде өнімсіз делдалдарды болдырмау үшін түзетулер ("мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Заңға) қабылданды.
Екінші. МӨЗ қызметін бақылау: КМГ және Petrosun монополияға қарсы комплаенс-ке жанар-жағармай материалдарын Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, Энергетика Министрлігі және Қаржы Министрлігімен бөлу жоспарлары мен фактісі бойынша есептілікті енгізу мәселесі пысықталуда.
Үшінші. Шағын МӨЗ (Мұнай өңдеу зауыты) қызметін реттеу және мұнай мен шығарылатын өнімге салық салу.
Өнімнің жалпы өндірісінен кемінде 45% мас. көлемінде сұранысқа ие мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыру, мұнай өнімдерінің ашық және қараңғы түрлері үшін ВТП = 1 коэффициентін белгілеу, өндіріс паспорттарын өзектендіру.
Төртінші. Мұнай базаларын 2024 жылдан бастап Бақылау есептеу құралдарымен жарақтандыру.
Энергетика министрінің 2022.12.26 № 435 «мұнай өнімдері базаларының өндірістік объектілерін есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру жөніндегі қағидалар мен талаптар» бұйрығы қабылданды.
Мұнай өнімдерін өндіру бойынша жобалар
Өндірісті одан әрі ұлғайту үшін бірқатар іс-шаралар жоспарланған.
Шымкент зауытында 2029 жылға қарай өндірістік қуаттылықты 3 млн тоннаға 9-12 млн. тоннаға дейін кеңейту жоспарлануда. Бұл шара ішкі нарықта өсіп келе жатқан сұранысты жабу үшін ЖЖМ өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта жобаның алдын ала Техникалық-экономикалық негіздеме аяқталады, базалық жобалауды бастау жоспарлануда.
Павлодар мұнай өңдеу зауытында 2025 жылға дейін гидротазарту қондырғысын реконструкциялау жөніндегі жоба іске асырылатын болады, ол өнімділікті 6 млн. тн (қолданыстағы 5,4 млн. тн) дейін ұлғайтуға, сондай-ақ өндірісті 2024 жылдан бастап 50 мың тн ұлғайта отырып, СУГ (сұйытылған көмірсутек газы тазарту) қондырғысын салуға мүмкіндік береді.
Мұнай экспорты бағыттарын әртараптандыру
Қазақстанның ішкі нарыққа экспорттау және жеткізу үшін мұнай тасымалдаудың әртараптандырылған жүйесі бар..
Қазақстандық мұнайдың экспорты осындай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
- КҚК мұнай құбыры;
-Атырау-Самара мұнай құбыры
-Атасу-Алашанькоу мұнай құбыры,
- Ақтау теңіз порты және темір жол.
Бүгінгі таңда мұнай экспорты бойынша шектеулер байқалмайды.
Қазақстан мұнайының Ресей Федерациясының аумағы арқылы транзитінің маңыздылығын атап өту қажет. Қазақстандық жүк жөнелтушілер үшін мұнайды тасымалдаудың ең тиімді бағыты болып табылатын КҚК мұнай құбыры бойынша
Анықтама:
КҚК мұнай құбыры тар жерлерді ескере отырып, тар жерлерді жою жобасы (ТЖЖЖ) іске асырылуда, оның аяқталуы бойынша қазақстандық учаске бойынша айдау қуаты жылына 53,7 млн. Тоннадан жылына 72,5 млн. тоннаға дейін ұлғайтылатын болады.
ЕО және АҚШ елдерімен Ресей Федерациясы арқылы транзит кезінде қазақстандық мұнайдың санкциялық емес мәртебесін қамтамасыз ету бойынша тұрақты негізде келіссөздер жүргізілуде.
Қазақстандық мұнайды сатып алушылар үшін сәйкестендіру мақсатында биылғы шілдеден бастап біз өз мұнайымызды KEBCO (Kazakhstan export blended crude oil). ретінде орналастыра бастадық.
Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту бойынша жұмыс тобы (Task force) құрылды. Жобаның мақсаты 2023 жылы тасымалдау қуатын 6,5 млн.тоннаға дейін, 2024 жылы 7,5 млн. тоннаға дейін және 2025 жылдың аяғында 15,0 млн. тоннаға дейін жеткізу болып табылады.