Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестерді құру қағидаларын айқындау және олардың үлгілік ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 378 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33405 болып тіркелді) сәйкес Кәсіптік біліктілік бойынша электр энергетикасы және жылу энергетикасы салаларындағы салалық кеңестің (бұдан әрі - Салалық кеңес) құрылатыны туралы хабарлайды.
Салалық кеңеске мүдделі тұлғаларды қосу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
Құжаттарды хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде төмендегі мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз: Астана қ., Қабанбай батыр көш. 19, А блогы, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі немесе е.begaly@energo.gov.kz электрондық мекенжайы.