
Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамыту: алғашқы қадамдардан энергетиканы тұрақты трансформациялауға дейін
Жаңартылатын энергия көздерін дамытуға алғашқы серпін 2009 жылы «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғаннан кейін берілді. Бұл ЖЭК саласындағы нормативтік-құқықтық базаны қалыптастырудағы алғашқы маңызды қадам болды. Заңда алғаш рет мемлекеттік қолдаудың негізгі қағидаттары бекітілді: тіркелген тарифтер, электр желілеріне басымдықпен қол жеткізу және өндірушілерден өндірілген электр энергиясын міндетті түрде сатып алу. Негізгі мақсат – алғашқы жобаларды іске асыруды ынталандыру және Қазақстан үшін жаңа болып табылатын осы салаға жеке инвестицияларды тарту.
Саланы дамытудың келесі кезеңі 2014 жылы ЖЭК жобаларын іске асыру үшін тіркелген тарифтердің енгізілуімен байланысты болды. Бұл инвесторлар үшін кірістердің болжамдылығын қамтамасыз етіп, алғашқы ірі жел және күн электр станцияларын іске қосуға серпін берді. Электр энергиясы мемлекет бекіткен тарифтер бойынша сатып алынып, нарықтық тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік жасалды.
Тіркелген тарифтер тетігі бойынша Қазақстанда жалпы белгіленген қуаты 1654 МВт болатын 78 жоба іске асырылды, оның ішінде:
2018 жылдан бастап Қазақстан аукциондық модельге көшті. Ашық электрондық сауда-саттық арқылы 1 кВт·сағ электр энергиясы үшін ең төмен бағаны ұсынған жобалар іріктеле бастады. Бәсекелестіктің арқасында жаңартылатын энергия көздері бойынша электр энергиясының өзіндік құны айтарлықтай төмендеп, халықаралық компаниялардың қатысуы энергетикалық реформаларға деген сенімді күшейтті. 2018–2025 жылдар аралығында жалпы қуаты 6935 МВт болатын ЖЭК жобалары бойынша халықаралық аукциондық сауда-саттық электрондық форматта өткізілді. Аукциондық сауда-саттыққа 14 елден шамамен 260 компания қатысты. Атап айтқанда: Қазақстан, Қытай, Ресей, Түркия, Германия, Франция, Болгария, Италия, Біріккен Араб Әмірліктері, Нидерланд, Малайзия, Испания, Сингапур және Оңтүстік Корея.
Қолдау шаралары
ЖЭК секторын қолдаудың заңнамамен бекітілген шаралары қолайлы инвестициялық ортаны қалыптастыруға, жаңа жобаларды дамытуға және елдің энергетикалық теңгеріміндегі «жасыл» энергия үлесінің тұрақты өсуін қамтамасыз етуге бағытталған, олар мыналарды қамтиды:
- Электр энергиясын кепілдендірілген сатып алу және аукциондық баға бойынша 20 жыл бойы төлеу.
- Инфляция немесе валюта бағамының өзгеруі ескеріле отырып, аукциондық бағаларды жыл сайын индекстеу;
- Электр энергиясын беру бойынша электр желісі ұйымдарының қызметтері үшін төлемнен босату;
- Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес инвестициялық преференциялар беру.
Ағымдағы жағдай
2026 жылғы II тоқсандағы жағдай бойынша Республикада белгіленген қуаты 3749,62 МВт болатын 169 ЖЭК объектісі (200 кВт-тан жоғары) жұмыс істейді:
- жел электр станцияларының 71 объектісі, қуаты – 2 058,95 МВт;
- күн электр станцияларының 52 объектісі, қуаты – 1 375,21 МВт;
- су электр станцияларының 43 объектісі, қуаты – 313,69 МВт;
- биогаз электр станцияларының 3 объектісі, қуаты – 1,77 МВт.
Бүгінгі таңда Қазақстан өңірлері бойынша жұмыс істеп тұрған ЖЭК объектілерінің қуаттарының орналасуы төмендегідей:
|
№ |
Облыс немесе республикалық маңызы бар қала |
ЖЭК объектілерінің саны |
Жиынтық қуаты (МВт) (МВт) |
|
1 |
Жамбыл облысы |
21 |
560,83 |
|
2 |
Ақмола облысы |
19 |
542,75 |
|
3 |
Қарағанды облысы |
12 |
422,47 |
|
4 |
Алматы облысы |
24 |
374,446 |
|
5 |
Ақтөбе облысы |
7 |
346,45 |
|
6 |
Түркістан облысы |
21 |
278,285 |
|
7 |
Жетісу облысы |
18 |
270,575 |
|
8 |
|
8 |
185,6 |
|
9 |
Қостанай облысы |
5 |
170,95 |
|
10 |
|
8 |
159,7 |
|
11 |
Қызылорда облысы |
8 |
128,9701 |
|
12 |
Ұлытау облысы |
2 |
110 |
|
13 |
Атырау облысы |
2 |
100,8 |
|
14 |
Шығыс Қазақстан облысы |
5 |
66,705 |
|
15 |
Шымкент қаласы |
3 |
21,3 |
|
16 |
Солтүстік Қазақстан облысы |
3 |
7,96 |
|
17 |
Алматы қаласы |
3 |
1,83 |
2025 жылдың қорытындысы бойынша ЖЭК объектілерінен өндірілген электр энергиясының көлемі 8,621 млрд кВт·сағатты құрады (ЖЭС – 5380,02 млн кВт·сағат; КЭС – 2042,6 млн кВт·сағат; СЭС – 1195,9 млн кВт·сағат; БиоЭС – 2,79 млн кВт·сағат) немесе электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінің 7 %-ын құрады. 2025 жылы жалпы қуаты 503,5 МВт болатын 9 ЖЭК объектісі пайдалануға берілді, оның ішінде: жалпы қуаты 387,5 МВт болатын 5 жел электр станциясы (ЖЭС) (Қарағанды облысында «Гиперборея» ЖШС – 50 МВт, Ұлытау облысында «Mezgilder Qushteri» ЖШС – 100 МВт, Ақтөбе облысында «ERG Capital Project» ЖШС – 137,5 МВт, «Next Green Energy» ЖШС – 50 МВт және «Darmen Shuak» ЖШС – 50 МВт); Жалпы қуаты 90 МВт болатын 3 күн электр станциясы (КЭС) (Қызылорда облысында «Тесис» ЖШС-нің жалпы қуаты 40 МВт болатын 2 объектісі және Маңғыстау облысындағы Eni гибридті станциясының құрамындағы қуаты 50 МВт КЭС); Жетісу облысында «Қорын СЭС-2» ЖШС-нің қуаты 26 МВт болатын 1 су электр станциясы (СЭС).
2026 жылы жалпы белгіленген қуаты 245,801 МВт болатын 10 ЖЭК жобасын іске асыру жоспарлануда (4 ЖЭС – 150 МВт, 5 КЭС – 92,601 МВт, 1 СЭС – 3,2 МВт). Қазіргі уақытта олардың ішінде жалпы қуаты 150 МВт болатын 4 ЖЭС объектісі пайдалануға берілді (Қостанай облысында «Aspan Energo» ЖШС-нің қуаты 50 МВт болатын ЖЭС-і және Қарағанды облысында «Гиперборея» ЖШС-нің жалпы қуаты 100 МВт болатын 3 ЖЭС), сондай-ақ қуаты 62,6 МВт болатын 3 КЭС объектісі іске қосылды (Маңғыстау облысында «Stellar Energy» ЖШС – 20 МВт, Қостанай облысында «Altyn Solar Energy» ЖШС – 22,6 МВт, Жетісу облысында «Jetisu Terra Power» ЖШС – 20 МВт).
Жаңа қуаттарды іске қосу
ҚЕАО-мен жасалған шарттар мен екіжақты келісімдерге сәйкес жалпы қуаты 3013,921 МВт болатын 97 ЖЭК жобасын пайдалануға беру жоспарлануда:
Нысаналы индикаторларды, Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) аймақтары бойынша рұқсат етілетін ең жоғары қуаттарды, инфрақұрылымның дайындығын, электр энергиясына деген қажеттілікті, сондай-ақ инвесторлардың ЖЭК объектілерін салу бойынша жоспарлау және шешім қабылдауын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 23 мамырдағы № 187 бұйрығымен 2023 жылға арналған аукциондық сауда-саттық өткізу кестесі және жалпы қуаты 6,7 ГВт болатын 2024–2027 жылдарға арналған аукциондық сауда-саттық өткізу жоспары бекітілді. 2025 жылғы желтоқсандағы жағдай бойынша жалпы қуаты 4540 МВт болатын аукциондар өткізілді.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 16 ақпандағы № 69-н/қ бұйрығына сәйкес, 2026 жылы аукционға жалпы белгіленген қуаты 915 МВт шығарылды, оның ішінде: ЖЭС – 450 МВт; КЭС – 265 МВт; СЭС – 200 МВт.
Қазіргі уақытта сондай-ақ жалпы қуаты 4,8 ГВт болатын ірі ауқымды жобаларды Total Eren, Masdar, China Power International Holding, China Energy, Tumar Commerce сияқты стратегиялық халықаралық инвесторлардың қатысуымен іске асыру мәселелері пысықталуда. Жаңартылатын энергетика саласындағы жетекші компаниялар ретінде олар еліміздегі түрлі жобаларға инвестиция салуға қызығушылық танытты.
Анықтама үшін:
Осылайша, 2035 жылға дейін электр энергетикасы саласын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жалпы белгіленген қуаты кемінде 8,4 ГВт болатын ЖЭК жобаларын іске асыру жоспарлануда.
Анықтама үшін:
2024 жылы – аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының жобалары бойынша 163 МВт;
2025 жылы – аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының жобалары бойынша 341 МВт;
2026 жылы – аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының жобалары бойынша 173 МВт;
2027 жылы – аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының жобалары бойынша 565 МВт;
2028 жылы – аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының жобалары бойынша 245 МВт;
2029 жылы – аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының жобалары бойынша 1075 МВт;
2030 жылы – аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының жобалары бойынша 855 МВт;
2031 жылы – аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының жобалары бойынша 375 МВт;
2032 жылы – аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының жобалары бойынша 415 МВт;
2033 жылы – аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының жобалары бойынша 390 МВт;
энергия жинақтау жүйесімен жабдықталған ЖЭС (Masdar) – 2028 жылға дейін 1000 МВт;
энергия жинақтау жүйесімен жабдықталған ЖЭС (Total Energies) – 2029 жылға дейін 1000 МВт;
энергия жинақтау жүйесімен жабдықталған ЖЭС (CPIH) – 2028 жылға дейін 1000 МВт;
энергия жинақтау жүйесімен жабдықталған ЖЭС + КЭС (China Energy) – 2029 жылға дейін 800 МВт.
Айта кету қажет, 2025 жылғы 15 сәуірде энергия жинақтау жүйелерімен жабдықталған жалпы белгіленген қуаты 1 ГВт болатын жел электр станцияларын салуды көздейтін ірі ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша алғашқы аукциондық сауда-саттық өтті.
Аукцион қорытындысы бойынша 18,72 теңге/кВт·сағат аукциондық бағасымен «Turan Wind Energy» ЖШС жеңімпаз болып анықталды.
Нетто-тұтынушылар тетігі
Қазақстандағы нетто-тұтынушы тетігі шағын ауқымды ЖЭК қондырғылары (қуаты 200 кВт-қа дейін) бар азаматтар мен кәсіпорындарға өндірілген электр энергиясын өз қажеттіліктеріне пайдалануға, ал артық көлемін шекті бағамен сату мүмкіндігімен электр желісіне беруге мүмкіндік береді. Бұл бір жағынан электр энергиясына жұмсалатын шығындарды азайтса, екінші жағынан артық өндірілген энергиядан табыс табуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Заңында шағын ауқымды объектілер секторын дамытуға бағытталған бірқатар ынталандыру тетіктері көзделген:
2024 жылмен салыстырғанда, 2025 жылы ЭБҰ мәліметтері бойынша елімізде нетто-тұтынушылар тетігі шеңберінде жасалған шарттар саны 103-тен 172-ге дейін артты, ал шағын ауқымды объектілердің жиынтық қуаты 6,2 МВт-тан 12,66 МВт-қа дейін, яғни 2 есеге өсті. Жасалған шарттардың ең көп саны Алматы және Шымкент қалаларында тіркелген.
Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу міндетті емес. Жаңартылатын энергия көздерінің шағын қондырғыларын (200 кВт дейін) өз мұқтаждары үшін пайдаланатын және артық электр энергиясын сататын жеке тұлғалар дара кәсіпкер ретінде тіркелмеуі мүмкін.
Сондай-ақ «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында шағын ауқымды объектілер секторын дамытуды ынталандырудың бірқатар тетіктері көзделген:
- жаңартылатын энергия көздері объектісі өндірген электр энергиясын өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға байланысты нетто-тұтынушыларға дара кәсіпкер ретінде тіркелмеуге мүмкіндік беретін нормалар;
- нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың, сондай-ақ нетто-тұтынушыларды электр желілеріне қосуда энергия беруші ұйымдардың міндеттемелерін заңнамалық деңгейде бекіту;
- электр энергиясының артығын шекті бағамен сату (тұтынушылар топтары бойынша саралаусыз).
- энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне нетто-тұтынушылардың еркін кіруін және қосылуын қамтамасыз ету міндеті бекітілген;
- нетто-тұтынушы мен энергиямен жабдықтаушы ұйымдар арасында электр энергиясын сатып алу-сатудың үлгі шартын әзірлеу көзделген;
- энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың нетто-тұтынушымен электр энергиясын сатып алу-сатудың үлгілік шартын жасасу міндеті бекітілген.
Ірі жобалар мен коммерциялық қызмет үшін тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалпы тәртіппен жүзеге асырылады.
Біртұтас электр энергетикалық жүйесіне қосылу мүмкіндігі және бос желілік қуаттардың болуы шешуші мәнге ие.
Энергия тапшылығы байқалатын өңірлерде ЖЭК жобаларын іске асыру басымдыққа ие болса, қуат профициті бар аймақтарда мұндай жобаларды орналастыру мүмкіндігі шектеулі болады.
Сонымен қатар, инфрақұрылымның дайындық деңгейі, тұтынушылар тарапынан сұраныс және жобаның экономикалық тиімділігі де ескеріледі.
Климаттық және табиғи жағдайлар, оның ішінде жел әлеуеті мен күн радиациясы, маңызды болғанымен, олар желілік және жүйелік шектеулер бағаланғаннан кейін ғана екінші кезекте қарастырылады.
Жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобалар әртүрлі тетіктер арқылы іске асырылады.
Қазақстан Республикасының «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Заңының 9-бабының 1-тармағына сәйкес,
1) осы Заңның 8-1-бабының 2-тармағында көзделген индекстеу ескеріле отырып, өзі мен қаржы-есеп айырысу орталығы арасында сатып алу-сату шартын жасасқан күні қолданыста болатын тіркелген тариф бойынша не аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша айқындалған аукциондық баға бойынша электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға;
2) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес жасалған екіжақты шарттарға сай шарттық бағалар бойынша тұтынушыларға және шекті тарифтер бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға өткізуге құқылы.
Аукциондық тетік қолданылған жағдайда, жобаларға мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі. Атап айтқанда, бірыңғай сатып алушы ЖЭК электр энергиясын 20 жыл мерзімге аукциондық тариф бойынша кепілдендірілген түрде сатып алады, құрылыс кезеңіне тариф біржолғы индекстеледі және пайдалану кезеңінде тарифтің жыл сайынғы индексациясы қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар, Қазақстанда нетто-тұтынушы тетігі енгізілген. Бұл тетік қуаттылығы 200 кВт-қа дейінгі шағын ЖЭК қондырғыларына ие жеке тұлғалар мен ұйымдарға өндірілген электр энергиясын өз қажеттіліктері үшін пайдалануға, ал артық көлемін электр желілеріне беріп, белгіленген шекті баға бойынша сатуға мүмкіндік береді. Аталған тетік электр энергиясына жұмсалатын шығындарды азайтуға және қосымша табыс көзін қалыптастыруға жағдай жасайды.