Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Электр энергетикасы

2022 жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясын өндіру 112,8 млрд. кВтсағ құрады, ағымдағы жылға арналған жоспар 114,9 млрд. кВтсағ құрайды.

Жаңартылатын энергия көздерін өндіру көлемі 5,1 млрд. кВтсағ құрады, жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 4,5% - ға жетті.

2022 жылы жалпы қуаты 385 МВт болатын 12 жаңартылатын энергия көздері жобасы іске асырылды. 2023 жылы қуаты 276 МВт болатын 15 жаңартылатын энергия жобасын іске қосу жоспарлануда.

Сонымен қатар инвестициялық келісімдер бойынша 225 МВт жаңа қуаттарды іске қосу жоспарлануда.

Энергетикалық кешенді жоспарлы орнықты дамыту мақсатында 2035 жылға дейінгі энергетикалық теңгерім бекітілді, оған сәйкес жаңа қуаттардың 2 есеге жуық өсуі күтілуде.

Энергия жүйесіндегі теңгерімсіздіктердің туындау тәуекелдерін және жаңадан енгізілетін жаңа энергия көздерінен жоғары тарифтердің әсерін болдырмау үшін электр энергиясы нарығының жаңа нысаналы моделіне көшу бойынша нормалар пысықталды, онда электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және теңгерімдеуші нарықты енгізу қарастырылды.

Сонымен қатар сала үшін негізгі сын-қатер жұмыс істеп тұрған энергетикалық қуаттар мен объектілердің жоғары тозуы болып табылады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдың 1-ші тоқсанында еліміздің барлық жылу электр орталықтарының және электр желілерінің аудиті аяқталады.

Нарық субъектілерін өз инвестицияларын қуаттарды реконструкциялау мен жаңғыртуға бағыттауға ынталандыру үшін «Инвестиция орнына тариф» жаңа бағдарламасы әзірленуде. Бағдарлама бойынша салаға инвестициялар көлемі жыл сайын шамамен 400 млрд. теңгеге бағаланады.

Ағымдағы жылы «Жылу энергетикасы туралы» Заң қабылданады. Заң өңірлерді жылумен жабдықтау проблемаларын шешуге бағытталған, ұзақ мерзімді жоспарларды жүзеге асыруға, орталық және жергілікті атқарушы органдар арасындағы өзара қарым-қатынастарды жүйелеуге мүмкіндік береді.

Сапалы жөндеу науқанын қамтамасыз ету және инвестициялық бағдарламалардың орындалуын бақылау саласында Атомдық және энергетикалық қадағалау комитетінің рөлін күшейту жоспарлануда.

Тәуекелдерді басқаруға және станциялардың техникалық жай-күйін бақылауға мүмкіндік беретін энергетиканың цифрлық платформасы пайдалануға беріледі.

Барлық айтылған шаралар электр және жылу энергетикасы саласын дамытуға серпін береді.

 

Өткен жылдар бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі (ҚР БЭЖ) Қазақстан Республикасының тұтынушыларын сенімді және сапалы энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ететін электр станцияларының, электр беру желілері мен кіші станциялардың жиынтығын білдіреді.

Қазақстан Республикасының электр энергетикасы мынадай секторларды қамтиды:

  • электр энергиясын өндіру;
  • электр энергиясын беру;
  • электр энергиясымен жабдықтау;
  • электр энергиясын тұтыну;
  • электр энергетикасы саласындағы басқа да қызмет.

Электр энергиясы өндірісінің секторы

Электр энергиясының өндірісін Қазақстанда түрлі меншік нысанындағы 158 электр станциясы жүзеге асырады. Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі жүктемелердің жылдық ең жоғары деңгейі өткен КҚК-ға 2019 жылғы 26 қарашада тіркелді және 15 182 МВт құрады. 2020 жылғы 1 қаңтарға Қазақстан электр станцияларының жалпы белгіленген қуаты 22 936,6 МВт, қолда бар қуаты-19 329,7 МВт құрады.

Электр станциялары ұлттық маңызы бар электр станцияларына, өнеркәсіптік мақсаттағы электр станцияларына және өңірлік мақсаттағы  электр станцияларына бөлінеді.

2019 жылы электр энергиясын өндіру көлемі 106,0 млрд. кВтсағ құрады немесе 2018 жылға қарағанда 99,3% (106,8 млрд. кВтсағ). Электр энергиясын тұтыну 105,1 млрд. кВтсағ құрады немесе 2018 жылға қарай 102% (103,2 млрд. кВтсағ), бұл ел экономикасының электр энергиясына қажеттілігін толық жабылуын білдіреді.

2020 жылдың 6 айында электр энергиясын өндіру көлемі 53,5 млрд.кВтс құрады немесе 2019 жылдың 6 айына 103% (51,9 млрд. кВтс). Электр энергиясын тұтыну 53,1 млрд.кВтсағ. немесе 2019 жылдың 6 айына 102,1% - ды (52 млрд. кВтсағ) құрады.

ҚР Энергетика министрінің 15.01.2020 ж. № 15 бұйрығымен 2020-2026 жылдарға арналған электр энергиясы мен қуатының болжамды теңгерімі бекітілді.

Оған сәйкес, электр энергиясын өндіру және тұтыну көлемі мынаны құрауы тиіс:

                                                                                                                      млрд. кВтсағ

 

Өндіру

Тұтыну

2020 жыл

113,8

108,8

2021 жыл

113,5

110,7

2022 жыл

116,1

112,7

2023 жыл

120,9

114,5

2024 жыл

123,5

118,0

2025 жыл

128,1

120,8

2026 жыл

128,5

124,1

Электр энергиясын беру секторы

Қазақстан Республикасының электр желілері кернеу0,4–1150 кВ  электр энергиясын беру және (немесе) тарату үшін арналған кіші станцияларының, тарату  құрылғыларының және оларды жалғайтын электр беру желілерінің жиынтығын білдіреді.

Қазақстан Республикасының БЭЖ-індегі жүйеқұрушы желісінің рөлін ұлттық электр желісі (ҰЭЖ) орындайды, ол республиканың өңірлері және шектес мемлекеттер (Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы) энергожүйелерінің арасындағы электр байланыстарын, сондай-ақ электр станцияларымен электр энергиясының берілуін және оның көтерме тұтынушыларға жеткізілуін қамтамасыз етеді. Кіші станциялары, тарату құрылғылары, электр берудің өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық желілері, кернеуі 220 кВ және одан жоғары, ҰЭЖ құрамына кіретін электр станцияларының электр энергиясын беруін жүзеге асыратын электр беру желілері «КЕGОС» АҚ Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясының балансында болады.

Өңірлік деңгейдегі электр желілері өңір ішіндегі электр байланыстарын, сондай-ақ электр энергиясының бөлшек тұтынушыларға берілуін қамтамасыз етеді. Өңірлік деңгейдегі электр желілері 19 өңірлік электржелілік компанияларының (ӨЭК) балансында және пайдалануында болады, оның ішінде электр энергиясын беруді саны 130 дана кіші энергия беруші ұйымдар жүзеге асырады.

Энергия беруші ұйымдар (ЭБҰ) шарттар негізінде электр энергиясының меншікті немесе пайдаланылатын (жалға алу, лизинг, сенімді басқару және пайдаланудың басқа да түрлері) электр желілері арқылы көтерме және бөлшек нарығының тұтынушыларына немесе энергиямен жабдықтаушы ұйымдарына берілуін жүзеге асырады.

Электрмен жабдықтау секторы

Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығының электрмен жабдықтау секторы электр энергиясын энергия өндіруші ұйымдарынан немесе орталықтандырылған сауда-саттықтан сатып алуды және оны кейіннен түпкі бөлшек тұтынушыларына сатуды жүзеге асыратын энергиямен жабдықтаушы ұйымдарынан (ЭЖҰ) тұрады.

Қазақстан Республикасында энергиямен жабдықтау электр және жылу энергиясы нарықтарының жұмыс істеуі жағдайында жүзеге асырылады. Электр және жылу энергиясы нарықтағы тауар болып табылады.

Электр энергиясының нарығы көтерме және бөлшек деп бөлінеді, жылыту энергиясының нарығы тек бөлшек нарығымен ұсынылған.

Қазақстандағы электр энергиясының көтерме сауда нарығы мынадай сегменттерден тұрады:

Электр энергияның орталықсыздандырылған сатып алу-сату нарығы екі жақты шарттар арқылы жүзеге асырылады. Бұл сектор еркін болып табылады және көтерме сауда нарығының құрылымында негізгі үлесті алады, шарт тараптары шарт талаптары бойынша шарттың талаптарын, электр энергиясының көлемі мен бағасын дербес айқындайды.

Электр энергиясының орталықтандырылған нарығы «Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңында белгіленген кейбір жағдайларды қоспағанда, ерікті негізде «бір күн бұрын» спот-сауда бойынша және орталықтандырылған алаңдағы ұзақ және орта мерзімді келісімшарттар бойынша биржалық үлгідегі сауда алаңы негізінде сауда арқылы жүзеге асырылады.

Электр энергиясының орталықтандырылған нарығында баға белгілеу биржалық әдістермен (екі жақты аукцион әдісі және үздіксіз қарсы сауда-саттық әдісі) жүзеге асырылатын сауда-саттық арқылы жүзеге асырылады.

Нақты уақыт режиміндегі сағаттық теңгерімсіздіктерді физикалық және кейіннен қаржылық реттеу мақсатында жұмыс істейтін электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы имитациялық режимде жұмыс істейді.

Жүйелік және қосалқы қызметтер нарығы электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерінен сатып алу, сондай-ақ жүйелік оператордың Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі жұмысының сенімділігі мен электр энергиясының сапасын стандарттарда белгіленген стандарттармен қамтамасыз ету үшін электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілеріне тиісті қызметтер көрсету негізінде жұмыс істейді.

Электр қуатының нарығы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру және жүктемені көтеруге электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша орталықтандырылған қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді сатып алу негізінде жұмыс істейді.

Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері:

  • энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясын өндіру және сату жөніндегі қызметті жүзеге асырады;
  • энергия беруші ұйымдар электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асырады;
  • энергиямен жабдықтаушы ұйымдар;
  • электр энергиясын тұтынушылар;
  • жүйелік оператор;
  • орталықтандырылған сауда нарығының операторы;
  • бірыңғай сатып алушы.

Мемлекеттік қатысу

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын мемлекеттік уәкілетті орган болып табылады.

Министрліктің құзыретіне энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын өндіруге шекті тарифтерді бекіту мәселелері кіреді.

Бұл ретте, «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясына босату бағаларын дербес, бірақ шекті тарифтен аспайтындай етіп белгілейді. Сонымен бірге электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын сатып алу-сату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жасалатын шарттар негізінде жүзеге асырылады. Осылайша, энергия өндірушілер электр энергиясын тұтынушылармен, оның ішінде энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен өз бетінше шарт жасасады, олар өз кезегінде электр энергиясын халыққа сатады.

«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-1-бабына сәйкес, электр энергиясына шекті тариф және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тариф электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың топтары бойынша жылдар бойынша бөле отырып, жеті жылға тең мерзімге бекітіледі.

«Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 514 бұйрығымен энергия өндіруші ұйымдардың жеті жылдық кезеңге арналған электр энергиясына шекті тарифтер бекітілді.

Энергия өндіруші ұйымдардың топтары Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 5 желтоқсандағы № 476 бұйрығымен қалыптастырылған, онда әрбір энергия өндіруші ұйым жеке топқа айқындалған.

Бұл ретте, «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, бірде-бір мемлекеттік орган энергия өндіруші ұйымдардың шаруашылық-өндірістік қызметіне араласуға құқылы емес.

Электр энергиясына шекті тарифтер

                                                                                                                                                                       теңге/кВтсағ

Электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдар тобы

Жылдар бойынша электр энергиясына шекті тарифтер

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

1-топ

5,76

5,80

5,80

5,80

5,80

5,80

5,80

2-топ

4,5

5,55

5,55

5,55

5,55

5,55

5,55

3-топ

7,73

9,13

9,13

9,13

9,13

9,13

9,13

4-топ

5,83

7,50

7,50

7,50

7,50

7,50

7,50

5-топ

8,10

9,10

9,10

9,10

9,10

9,10

9,10

6-топ

6,7

7,91

7,91

7,91

7,91

7,91

7,91

7-топ

6,44

7,72

7,72

7,72

7,72

7,72

7,72

8-топ

6,7

8,38

8,38

8,38

8,38

8,38

8,38

9-топ

5,06

6,17

6,17

6,17

6,17

6,17

6,17

10-топ

6,6

8,29

8,29

8,29

8,29

8,29

8,29

11-топ

7,0

7,00

7,00

7,00

7,00

7,00

7,00

12-топ

4,03

4,80

4,80

4,80

4,80

4,80

4,80

13-топ

8,42

10,39

10,39

10,39

10,39

10,39

10,39

14-топ

7,80

10,10

10,10

10,10

10,10

10,10

10,10

15-топ

8,20

9,50

9,50

9,50

9,50

9,50

9,50

16-топ

7,57

8,86

8,86

8,86

8,86

8,86

8,86

17-топ

10,20

11,78

11,78

11,78

11,78

11,78

11,78

18-топ

8,0

9,95

9,95

9,95

9,95

9,95

9,95

19-топ

6,3

6,30

6,30

6,30

6,30

6,30

6,30

20-топ

6,82

8,48

8,48

8,48

8,48

8,48

8,48

21-топ

6,54

8,10

8,10

8,10

8,10

8,10

8,10

22-топ

7,30

7,30

7,30

7,30

7,30

7,30

7,30

23-топ

6,40

8,67

8,67

8,67

8,67

8,67

8,67

24-топ

6,33

7,61

7,61

7,61

7,61

7,61

7,61

25-топ

6,57

9,47

9,47

9,47

9,47

9,47

9,47

26-топ

8,70

10,30

10,30

10,30

10,30

10,30

10,30

27-топ

12,12

13,10

13,10

13,10

13,10

13,10

13,10

28-топ

8,95

10,02

10,02

10,02

10,02

10,02

10,02

29-топ

10,55

11,81

11,81

11,81

11,81

11,81

11,81

30-топ

7,60

7,60

7,60

7,60

7,60

7,60

7,60

31-топ

8,94

10,40

10,40

10,40

10,40

10,40

10,40

32-топ

1,10

1,10

1,10

1,10

1,10

1,10

1,10

33-топ

2,43

3,44

3,44

3,44

3,44

3,44

3,44

34-топ

1,86

2,59

2,59

2,59

2,59

2,59

2,59

35-топ

8,72

8,10

8,10

8,10

8,10

8,10

8,10

36-топ

12,02

12,02

12,02

12,02

12,02

12,02

12,02

37-топ

8,78

10,80

10,80

10,80

10,80

10,80

10,80

38-топ

13,68

15,46

15,46

15,46

15,46

15,46

15,46

39-топ

10,02

11,30

11,30

11,30

11,30

11,30

11,30

40-топ

9,24

11,30

11,30

11,30

11,30

11,30

11,30

41-топ

8,76

8,76

8,76

8,76

8,76

8,76

8,76

42-топ

11,38

12,78

12,78

12,78

12,78

12,78

12,78

43-топ

7,0

7,00

7,00

7,00

7,00

7,00

7,00

44-топ

7,39

7,39

7,39

7,39

7,39

7,39

7,39

Министрлік 12-баптың 3-тармағына сәйкес жыл сайын электр энергиясын өндіру мен өткізуге арналған шығындар бойынша, алдыңғы күнтізбелік жыл үшін электр энергиясын өндіру мен өткізу көлемдері бойынша есептер қабылдайды.

Энергия өндіруші ұйымдарға тәуелсіз электр энергиясын өндіруге арналған шығындар іс жүзінде ұлғайған жағдайда, Министрлік энергия өндіруші ұйымдардың өтінімі бойынша электр энергиясын өндіруге арналған шекті тарифтерді түзетуді жүзеге асырады.

Өз кезегінде, электр энергиясын беру және жабдықтау жөніндегі қызметке жататын табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті (бұдан әрі – ҚР ҰЭМ ТМРК) болып табылады. ҚР ҰЭМ ТМРК функцияларына табиғи монополия саласын тарифтік реттеу әдісін айқындау, тауарларға, жұмыстарға және реттеліп көрсетілетін қызметтерге бағалар мен тарифтерді реттеу жатады.

Осылайша, «KEGOC» АҚ және энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беру тарифтері, сондай-ақ энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға жабдықтау үстемесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес ҚР ҰЭМ ТМРК-мен реттеледі.

Тұтынушылар үшін электр энергиясының соңғы бағасын ҚР ҰЭМ ТМРК белгілейді.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне қатысуы ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігін арттыру мақсатында технологиялық негізділік және тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметтерге сұранысын қанағаттандыру тұрғысынан табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын қарау жолымен жүзеге асырылады. Сондай-ақ, табиғи монополия саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп осы инвестициялық бағдарламалардың орындалуы бойынша есептер қабылданады.

Электр-жылуэнергетика жүйесін дамыту шеңберінде бюджетке қатысты

Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті 041 «Жылу-электр энергетикасын дамыту» бағдарламасы 101 «Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жылу-энергетика жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері» кіші бағдарламасы және 042 «Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттеріне жылумен жабдықтау жүйелерін реконструкциялау және құрылыс үшін кредит беру» бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі болып табылады.

041/101 «Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жылу-энергетика жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары жылу электр орталықтарын және қазандықтарды, сондай-ақ кернеуі 35/10/0,4 кВ жоғары кіші станциялар мен электр беру желілерін салуға, реконструкциялауға, кеңейтуге және жаңғыртуға арналған шығыстар қаржыландырылады.

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты - ел экономикасының жылу және электр энергиясына өсіп келе жатқан қажеттілігін қамтамасыз ету.

Осы бюджеттік бағдарлама бойынша 2020 жылға арналған бюджет – 36 336 707 мың теңгені құрайды, 22 жобаны іске асыру үшін, оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қ. – 17 011 327 мың теңге (7 жоба);

Алматы қ. – 4 000 000 мың теңге (2 жоба);

Шымкент қ. – 3 772 375 мың теңге (3 жоба);

Батыс Қазақстан облысы – 871 493 мың теңге (1 жоба);

Қарағанды облысы – 769 029 мың теңге (1 жоба);

Қостанай облысы – 3 655 144 мың теңге (2 жоба);

Қызылорда облысы – 892 218 мың теңге (1 жоба);

Маңғыстау облысы – 3 030 664 мың теңге (2 жоба);

Павлодар облысы – 376 475 мың теңге (1 жоба);

Түркістан облысы – 1 957 982 мың теңге (2 жоба).

042 «Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттеріне жылумен жабдықтау жүйелерін реконструкциялау және құрылыс үшін кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша жылумен жабдықтау жүйелерін реконструкциялау, жаңғырту және салу бойынша жобалар іске асырылады.

Бағдарлама тұтынушыларды сенімді және үздіксіз жылумен қамтамасыз етуге бағытталған.

2020 жылға Қостанай және Батыс Қазақстан облыстары әкімдіктерінің 2 жобасын іске асыруға 1 178 965 мың теңге сомасында қаражат бөлінді, оның ішінде:

- «Қостанай облысы Лисаковск қаласы Октябрьский кентінде жылу желілерін реконструкциялаумен газ қазандықтарын салу» - 662 547 мың теңге.

- «Батыс Қазақстан облысының Орал қаласындағы Зашаған кентіндегі «Водстрой» АКК қазандығын реконструкциялау»  -   516 418 мың теңге.

100 нақты қадам Ұлт жоспарын іске асыру

50-қадам бойынша электр қуаты нарығында бірыңғай сатып алушы құрылды. Бірыңғай сатып алушы ретінде «Жаңартылатын көздерді қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС компаниясы анықталды (2014 жылы жаңартылатын электр энергиясы көздерін дамыту үшін құрылды) («KEGOC» АҚ еншілес ұйымы) (Энергетика министрінің 07.09.2018 ж. № 367 бұйрығы).

52-қадамды орындау үшін 2015 жылғы 12 қарашада «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданды.

Заңға сәйкес 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап электр энергиясы нарығымен қатар салаға жаңа электр станцияларын салуға, сондай-ақ қолданыстағы қуаттарды қолдауға қажетті инвестициялар көлемін тартуды қамтамасыз етуге бағытталған электр қуатының нарығы жұмыс істей бастады, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған электр станциялары арасында бәсекелестікті дамытуға және энергия өндіруші ұйымдардың инвестициялық шығындарының өтелуін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Сенімді және үздіксіз энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін бірыңғай сатып алушы атынан «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС көтерме тұтынушыларға, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға қуатты қолдау бойынша сатып алынған қызметті бірыңғай орташа баға бойынша сатуды жүзеге асырады.

Электр қуаты нарығы шеңберінде электр энергиясына қолданыстағы тариф екі бөлікке бөлінген:

1) электр энергиясына арналған тариф – электр энергиясын өндіруге арналған шығындарды өтеуді қамтамасыз ететін ауыспалы бөлік;

2) қуатқа арналған тариф – жаңа электр қуаттарын салуға және жаңғыртуға, жаңғыртуға, реконструкциялауға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге инвестициялардың қайтарылуын қамтамасыз ететін тұрақты бөлік.

Электр энергиясы нарығында еркін екі жақты шарттар бойынша электр энергиясын сатып алу-сатудың тікелей екі жақты шарттары жасалады, сондай-ақ орталықтандырылған сауда-саттықта электр энергиясын сатып алу және сату мүмкіндігі қалады.

Бірыңғай сатып алушымен электр қуаты нарығының моделі ақырғы тұтынушылар үшін электр энергиясы бағасына салаға жаңа инвестициялар ағынының әсерін барынша жұмсарту әсеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді, яғни мемлекеттің инвестициялық энергетикалық жобаларын іске асырудан электр энергиясы бағасының өңірлік өзгеруін барынша жеңілдетеді.

2019 жылы Бірыңғай сатып алушы 34 энергия өндіруші ұйыммен жиынтық қуаты 8 125 МВт электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтерді сатып алуға 51 шарт жасасты, оның ішінде:

- энергия өндіруші ұйымдармен жиынтық қуаты 311 МВт инвестициялық келісімдер бойынша 2 шарт («СевКазЭнерго» АҚ – 221 МВт шекті тариф бойынша айына 1,376 млн. теңге/МВт; «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС – 90,1 МВт шекті тариф бойынша айына 5,223 млн. теңге/МВт);

- құрамына 2 455 МВт ЖЭО кіретін энергия өндіруші ұйымдармен 19 шарт (шекті тариф бойынша айына 590 мың теңге/МВт);

- орталықтандырылған сауда қорытындылары бойынша энергия өндіруші ұйымдармен 5 359 МВт 30 шарт (ең жоғары тариф – айына 590 мың теңге / МВт; ең төменгі тариф – айына 383 мың теңге / МВт).

Осылайша, 2019 жылы электр энергиясын өндіру секторына инвестициялар тарту 58 млрд.теңгеден асты.

2020 жылға Бірыңғай сатып алушы 82,5 млрд. теңге сомасына 9 191,96 МВт жиынтық қуатына 32 энергия өндіруші ұйыммен 50 шарт жасады.

51-қадамды іске асыру үшін 2017 жылғы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданды, онда энергия беруші ұйымдарды (бұдан әрі – ЭӨҰ) ірілендіруге бағытталған оларды қолданысқа кезең-кезеңмен енгізе отырып талаптар белгіленген.

1) диспетчерлік технологиялық басқарудың болуы – 2018 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей (күшіне енді);

2) электр желілерін, жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын қызметтердің болуы – 2020 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей (күшіне енді);

3) жүйелік қызметтер көрсетуге жүйелік оператормен шарттардың болуы – 2020 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей (күшіне енді);

4) жүйелік операторда және өңірлік электр желілік компанияда орнатылған жүйелермен біріздендіруді қамтамасыз ететін коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерінің, телекоммуникация жүйелерінің болуы – 2022 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей.

ЭБҰ ірілендіруге арналған тетік анықталды:

- Энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган ЭБҰ-ның белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді. Заңның талаптарына сәйкес келмейтін ЭБҰ бойынша ақпаратты ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетіне (бұдан әрі-ТМРК) жібереді;

- ТМРК ЭБҰ тарифтерін инвестициялық шығындарды (пайда, амортизациялық аударымдар, негізгі құралдар құнының өсуіне әкелетін күрделі шығындар) қоспағанда қайта қарайды.

Осы шаралар талаптарға сәйкес келмейтін ЭӨҰ-ны өзара немесе өңірлік электр желілік компаниялармен біріктіру, сондай-ақ электр энергиясын беру жөніндегі қызметті тоқтату жолымен ірілендіруге ынталандыруы тиіс.

Негізгі міндет өңірлік деңгейде екі негізгі проблеманы шешу болып табылады:

1) энергия беруші ұйымдардың көп саны (барлығы 162) және соның салдарынан олардың қызметтеріне тарифтердің әртүрлі деңгейлерінің болуы;

2) тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігіне теріс әсер ететін иесіз электр желілерінің болуы.

Ірілендірудің мақсаты бір электр желісінде «бір тізбекте» тұрған энергия беруші ұйымдардың санын қысқарту болып табылады. Бірнеше энергия беруші ұйымдарды бір компанияға біріктіру соңғы тұтынушының Тарифтердің әртүрлі деңгейлері бойынша бірнеше компанияның электр энергиясын беру жөніндегі қызметіне ақы төлеу міндеттемелерін жоққа шығаратын болады.

Сондай-ақ, иесіз электр желілерін білікті мамандары бар және тиісті материалдық-техникалық жарақтандырылған энергия беруші ұйымның қарамағына беру тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігін арттырады.

Өңірлік электр желілік компанияларды ірілендіру процесінен күтілетін негізгі нәтиже – 2023 жылға қарай энергия беруші ұйымдардың санын 110 ұйымға дейін қысқарту және электр энергиясын беруге тарифтерді төмендету.

Заңның қабылдануымен ЭБҰ санының 2017 жылғы 162-ден 2019 жылы 150-ге дейін төмендеу үрдісі байқалады.

2017 жылы электр энергиясын беруді жүзеге асыратын коммуналдық кәсіпорындар саны 22 кәсіпорынды құрады.

Бүгінгі таңда 22 ұйымның 5 коммуналдық кәсіпорны өз қызметін тоқтатты.

Диспетчерлік технологиялық басқарудың болуы бойынша талапқа сәйкестігін тексеруге 116 энергия беруші ұйым жатады.

- энергетикалық қадағалау 116 ЭБҰ-ның диспетчерлік технологиялық басқарудың болуы бойынша талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізді, оның ішінде: 32 ЭБҰ сәйкес келеді, 75 ЭБҰ сәйкес келмейді, 9 ЭБҰ Тіркелімнен шығарылды.

- 1 ЭБҰ меншік иесінің шешімі бойынша Тіркелімнен шығарылды.

- 75 ЭБҰ-дан 66 ЭБҰ-дан алынған КРЕМ электр энергиясын беру тарифін төмендетті, 9 ЭБҰ бойынша инвестициялық шығындардың болмауына байланысты тариф төмендетілмеді.

2017 жылы өңірлер әкімдіктері ЭБҰ ірілендіру бойынша, оның ішінде орындау мерзімі бар коммуналдық меншіктегі (МКК, КМК) электр желілерін беру бойынша Жол карталарын бекітті.

Жол карталары шеңберінде жүргізілген жұмыстардың қорытындылары бойынша иесіз электр желілерінің ұзындығы 2020 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша 225 км және 98 ТҚС құрады (2017 жылы мұндай желілердің ұзындығы 2 350 км және 630 ТҚС құрады). ЭБЖ 2125 км және 532 ТҚС қысқарды. Жалпы, анықталған иесіз электр желілері 2020 жылы ЭӨҰ теңгеріміне берілуі тиіс.

Бұл ретте, жергілікті атқарушы органдар жүргізген жұмыс шеңберінде жаңа иесіз объектілерді анықтайды.

Осылайша, 2019 жылы жүргізілген жұмыс аясында 540,7 км иесіз желілер мен 257 КТП (ЖТП) анықталды, атап айтқанда әкімдіктер:

- Нұр-Сұлтан қ. – 286,26 км желі және 98 ЖТҚС;

- Алматы қ. – 254,415 км желі и 159 ЖТҚС;

- Алматы обласы – 16 ЖТҚС.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Халықаралық ынтымақтастық

Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграция

2014 жылғы мамырда қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт шеңберінде мүше мемлекеттер одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын (бұдан әрі – ООЭЭН) кезең-кезеңімен қалыптастыруды жүзеге асырады. Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастырудың бекітілген тұжырымдамасы мен бағдарламасының ережелеріне негізделген ортақ электр энергетикалық нарықты қалыптастыру болжанады.

Тұжырымдама ЕАЭО ортақ электр энергетикалық нарығының мақсаттары мен міндеттерін, оның нысаналы моделін, басқару құрылымын, нарық субъектілерінің өзара іс-қимыл тетіктерін, реттеу нысандары мен әдістерін айқындайды, сондай-ақ нарықтың қалыптасу кезеңдерін қамтиды.

Бағдарлама ұйымдастырушылық, заңнамалық және технологиялық іс-шаралар кешенін, оның ішінде жедел келісімшарттар бойынша және бір тәулік бұрын ООЭЭН-де электрондық сауда жүйесін, ақпарат алмасу жүйесін әзірлеу жөніндегі іс-шараларды қамтиды, сондай - ақ ООЭЭН реттейтін актілер жүйесін дайындауды көздейді.

Тұтастай алғанда, қатар жұмыс істейтін электр энергетикалық жүйелер негізінде Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің электр энергиясының ұлттық нарықтарын ықпалдастыру жолымен ортақ электр энергетикалық нарықты кезең-кезеңімен қалыптастыру жоспарланып отыр. Бұл ретте ішкі тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ету басым болып қала береді.

Осылайша, тең құқылық, өзара тиімділік және мүше мемлекеттердің кез келгеніне экономикалық залал келтірмеу негізінде ынтымақтастық үшін жағдайлар жасалатын болады.

2019 жылғы 29 мамырда Шартқа қол қоюдың бес жылдығын мерекелеу шеңберінде Жоғары Кеңес 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру бөлігінде) өзгерістер енгізу туралы хаттама нысанында Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шартқа қол қойды.

Хаттама ООЭЭН-ын қалыптастырудың, оның жұмыс істеуі мен дамуының құқықтық негіздері мен қағидаттарын айқындайды, ООЭЭН-ның жұмыс істеу қағидаларымен реттелетін салаларды белгілейді, сондай-ақ Үкіметаралық кеңестің және комиссияның ООЭЭН-ны реттейтін актілерді бекіту жөніндегі кеңесіне өкілеттіктер береді.

ООЭЭН құрудың әсері генерациялайтын және беретін қуаттарды пайдалану тиімділігін арттырудан, электр энергиясымен өзара және сыртқы сауда көлемдерінің өсуінен, сондай-ақ энергия өндіруші ұйымдар арасында бәсекелестіктің артуынан, ал тұтынушыларда электр энергиясын төмен бағамен сатып алу мүмкіндігі пайда болудан көрінеді.

ООЭЭН сонымен қатар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің электр энергетикасы саласының экспорттық әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік береді, өйткені энергетикалық қуаттарды пайдаланудың жалпы коэффициенті бар болғаны 52%-ды құрайды, ал мемлекетаралық желілердің мүмкіндіктері бүгінде тек 20%-ға ғана пайдаланылады.

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің бір-бірімен еркін екіжақты шарттар бойынша және бір тәулік бұрын қоса алғанда, орталықтандырылған сауда-саттықта сауда жасау мүмкіндігі ЕАЭО ООЭЭН-ның негізгі артықшылығы болып табылады. Сондай-ақ электр энергиясының нақты жеткізілімдерінің жоспарлы мәндерден сағаттық ауытқуларын реттеу үшін тетік құру болжанады, бұл келісілген графиктерді сақтау үшін жауапкершілікті арттырады.

Ведомстволық бағынысты ұйымдар

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті «АЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС, «АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС және «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады.

Документы
Жоба
29 апреля 2025
ҚР Электр энергетикасын дамыту департаменті
Генерациялаудың маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м. а.-ның 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 161 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Бұйрық жобасы
Тұжырымдама
28 апреля 2025
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру туралы есеп
Нәтижелер
24 апреля 2025
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс нәтижесі
Новости
Полезные материалы
Қазақстан Республикасы Энергетика кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Электр энергетикасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № 290 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 78 бірлескен бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» бұйрықтың жобасы
«Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау қағидалары мен талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 245 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрықтың жобасы
Медиагалерея
1
⚡️ 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымына дайындық⬆️
1
«Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеру» мемлекеттік қызметін алу үшін өтініш берудің БЕЙНЕ НҰСҚАУЛЫҒЫ
События
20 февраля
ҚР Бірыңғай энергетикалық жүйесі режимдерін басқаруды автоматтандыру туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Интернет-конференциясы
30 декабря
Энергетикалық сараптаманы жүзеге асыратын сараптама ұйымдарының және электр зертханаларының назарына!
03 марта
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының нормаларын іске асыру үшін әзірленген НҚА жобасы
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
«Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АҚ
ҚР Электр энергетикасын дамыту департаменті
ҚР ЭМ Жаңартылатын энергия көздері департаменті
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Telegram
Facebook
Instagram

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы