«Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметін туралы

«Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметін туралы

«Сауда –саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу » мемлекеттік кызметін "Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы арқылы өтініш беруіңіз қажет.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1-кезең: сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін алдын ала таңдау (елді мекен шегінде объектілер салуды қоспағанда, объектілер салу үшін жер учаскесін сұраған кезде), жер комиссиясының қорытындысын дайындау- 12 (он екі) жұмыс күні ішінде.

2-кезең: жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдау және сатып алу-сату шартын немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу – бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

Мемлекеттік қызметті көрсету түрі: электрондық (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі және сатып алу-сату не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және мерекелер туралы заңының 5- бабына сәйкес, жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

Ескертпе: жер учаскесінің сұралып отырған нысаналы мақсатына байланысты Мемлекеттік кызмет көрсету қағидаларының 1-қосымшасында, 8-тармағында көрсетілген қосымша құжаттар талап етіледі.

Толық ақпаратты Түрген ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар.

Мекен – жайымыз: Түрген ауылы, Достық көшесі №48а
Анықтамалық байланыс телефоны: 8 (72775) 32-1-97

«Түрген ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ