"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру " мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу тәртібі

"Жер учаскесінің  нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру " мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу тәртібі

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері:

1)"Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал)

2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 13 (он үш) жұмыс күні.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды түрде тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Көрсетілетін қызметті берушінің сатып алу-сату шартын (жер учаскесін сатып алған жағдайда) қоса бере отырып, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімі не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш;

 2) жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде, бюджеттің кірісіне Кодекстің 9-бабының 5-тармағына сәйкес жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы төлеу, оның кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі, қажет болған жағдайда бюджетке кадастрлық (бағалау) құн арасындағы айырмаға тең соманы төлеу;

 

     Толық ақпаратты Түрген ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар.

Мекен – жайымыз: Түрген ауылы, Достық көшесі № 48а

Анықтамалық байланыс телефоны: 8 (72775) 32-1-97.

 

 

                                              «Түрген ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ