ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

            Түрген ауылдық округі әкімі аппаратында «Құқықтық кабинет» жұмыс істейді.
Ауыл тұрғындары осы кабинетке келіп, құқықтық сауаттылығын арттыру, әртүрлі бағыттар бойынша өздерінің заңды құқықтарын  қорғау және қорғаудың құқықтық құралдары туралы ақпарат ала алады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасын өз бетінше зерделеу дағдыларын игеріп, құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес алу мүмкіндігі бар.
Жұмыс уақыты: дүйсенбі – жұма күндері, сағат 08:00-ден 17:30-ге дейін.
Толық ақпаратты Түрген ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар.

Мекен – жайымыз: Түрген ауылы, Достық көшесі № 48а

Анықтамалық байланыс телефоны: 8 (72775) 32-2-35.

«Түрген ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ