Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасында магниттік-резонанстық томографиясының (МРТ) кабинеті ашылды. Аппарат 1,5 өлшемінде 70 см. дейін 250 кг дейін салмақтағы пациенттерді тексеруге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, аппарат сапалы визуализациялы, контрасттық заттар арқылы жүргізіледі. Сондай-ақ, Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасында жедел көмек көрсету бөлімшесіндегі қабылдау бөлімінде пациенттерге қажетті ескі рентгеноаппараттың орнына жаңа заманауи сандық рентгеноаппарат іске қосылды. Әйелдерде ерте мерзімде онкологиялық ауруларды анықтау үшін сандық маммограф іске қосылды. Жүрек және қан-тамырлары ауруымен ауыратын науқастар үшін Тредмил жүйесі сатып алынып, орнықтырылды, соның нәтижесінде адам жүрегінің дене шынықтыру жүктемесін анықтауға болады. Осы барлық енгізілген жаңа көмек ТКМКК және МӘМС аясында алуға болатын жаңалығымызбен бөліскіміз келеді