«Сөгеті ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің 2024ж көрсетілген мемлекеттік қызметтері туралы есебін жария талқылау.

«Сөгеті ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің 2024ж көрсетілген мемлекеттік қызметтері туралы есебін жария талқылау.

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, 2025 жылдың 19 наурыз  күні «Сөгеті ауылдық округі әкімі аппаратының» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есебі бойынша ауыл тұрғындарының  қатысуымен  жария талқылау өткізілді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізу мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Жария талқылаулар сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы қағидаттарын іске асыруды, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін ұдайы жетілдіруді, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігін қамтамасыз етуге арналған.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жария талқылау барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны,  барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және көрсетілетін қызметтерді алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қанағаттануы туралы мәселелері қарастырылды.

Жария талқылау бойынша келесі шешім қабылданды: мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі мәліметке алынсын, атқарылған жұмыстары «қанағаттанарлық» деп бағалансын. 

 

«Сөгеті ауылдық округі әкімі аппараты» ММ