"Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу тәртібі

"Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге  сату" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу тәртібі

Мемлекеттік қызмет көр­сету процестерін үнемі жетілдіру – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) және оның аумақтық департаменттерінің жұмы­сындағы негізгі ұс­таным­дардың бірі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жүйесін жетілдіру азаматтардың құқықтарын қорғап, қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған.

Осы ретте, «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату»" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі түсіндірсек.

          Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері: «Электрондық үкіметтің» веб-порталы және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсес арқылы.  Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

       1) «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату» мемлекеттік қызметін көрсету  қағидаларына сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке сатуға арналған өтініш;

      2) жеке куәлік немесе цифрлық   құжаттар сервисінен электрондық құжат;

      3) жер учаскесінің кадастрлық  құны актісінің көшірмесі;

          Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

Толық ақпаратты Шелек ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар.

Мекен – жайымыз: Шелек ауылы, Жібек жолы көшесі №40

Анықтамалық байланыс телефоны: 8 (72776) 2-01-55.

 

«Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ