
Зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін ИПБ басқаруына кімдер бере алады және ол қалай жүзеге асырылады?
Қазіргі уақытта салымшылар міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптасқан жинақтарының 50%-на дейін, ал ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақтарының 100%-на дейін инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) бере алады.
2026 жылдың 7 қыркүйегінен бастап салымшылар МЗЖ және МКЗЖ есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін ИПБ басқаруына бере алады.
ИПБ таңдауға қажетті мәліметтер invest.enpf.kz инвестициялық платформасында ай сайын жарияланады. Онда ИПБ-лардың қаржылық көрсеткіштері, зейнетақы активтерінің кірістілігі, сенімгерлік басқарудағы активтердің көлемі, инвестициялық портфельдің құрылымы мен өзгеру динамикасы ұсынылған.
Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беру үшін алдымен зейнетақы активтерін басқаруға жіберілген ИПБ-лардың тізілімінен басқарушы компанияны таңдау қажет. Толық ақпарат enpf.kz сайт