
Шелек ауылдық округінде құқықтық сауаттылықты арттыру және тұрғындардың өзекті мәселелерін талқылау мақсатында үкіметтік емес ұйымдар, ауыл тұрғындары және әкімдік өкілдерінің қатысуымен диалог алаңы өткізілді. Іс-шараға қатысушылар құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру мәселелері жан-жақты қарастырды. Диалог барысында тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Атап айтқанда, жер қатынастары, әлеуметтік көмек алу тәртібі, отбасылық құқық, еңбек даулары талқыланды.