«Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету тәртібі туралы, оның ішінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы

«Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету тәртібі туралы, оның ішінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы

Мемлекеттік қызмет көр­сету процестерін үнемі жетілдіру – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) және оның аумақтық департаменттерінің жұмы­сындағы негізгі ұс­таным­дардың бірі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жүйесін жетілдіру азаматтардың құқықтарын қорғап, қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған.

Осы ретте, «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі түсіндірсек.

Мемлекеттік қызметті көрсетеді: «Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері: «Электрондық үкіметтің» веб-порталы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация арқылы.

Мемлекеттік қызмет көрсету мезгілі: Бірінші кезең – сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаны мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды және топографияны жасау-28 жұмыс күн ішінде. Екінші кезең: жер учаскесін таңдау актісін келісу және көрсетілетін қызметті алушы жер-кадастрлық жұмыстардың қызметтері үшін ақы төлеу кезінде жер-кадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару, уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасау- 18 жұмыс күн ішінде.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: Электрондық (ішінара автоматтандырылған) /қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Көрсетілетін қызметті берушінің жер-кадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі және уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту. 

Толық ақпаратты Шелек ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар.

Мекен – жайымыз: Шелек ауылы, Жібек жолы көшесі №40

Анықтамалық байланыс телефоны: 8 (72776) 2-01-55.

 

«Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ