ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай–ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» №138 қаулысының 8-тармағының, 1), 2) - тармақшаларына сәйкес 2025 жылдың 15 шілде күні сағат 17:00-де Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылы, Шелек ауылдық округі әкімі аппаратының мәжіліс залында өтетін жиынның күн тәртібінде тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Шелек ауылының Бас жоспарына сәйкес, 237 га жаңа құрылысындағы 1 (бір) көшеге тарихи тұлғалардың, тарихи жер-су және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атау беру туралы мәселе қаралатындығын хабарлаймыз.

1

Жобаланған – 25 –  Әупенов Оразтай

 

 

Түсіндірме жазбаша хат

Жер мен көше атаулары – ұлттық тарихи санамыздың қайнар көзі. Тарихи тұлғалардың, тарихи жер-су, ұлттық танымымызға жақын дәстүрлі атаулар арқылы  болашағымызға тарихымызды таныту азаматтық парызымыз болып табылады.

Әупенов Оразтай

1922 ж. 8 тамызда Алматы облысы, Шелек ауданы, Жаңатұрмыс ауылында дүниеге келген. 1941 жылы 5 желтоқсанда ҰОС соғысына аттанды. Оңтүстік-батыс майданда, 21 - ші Кубань кавалериялық дивизиясының 121-атты әскер полкінде, эскадрилья старшинасы 1942 жылдың мамырына дейін, 1942 жылдың маусымынан 1943 жылдың мамырына дейін - Солтүстік-Батыс майданы, 121 танк бригадасы пулеметші, 43 жылдың мамырынан бастап - екінші Балтық майданы, 1944 жылдың маусымынан бастап және соғыс аяқталғанға дейін-Бірінші Беларусь майданында болды. Соғыс аяқталғаннан кейін Берлин аумағында орналасқан әскерлер құрамында қызметін жалғастырды, 1946 жылдың қазан айында әскерден босатылды. 1993 жылы қайтыс болды. Қызыл Жұлдыз ордені және Отан соғысы орденімен марапатталған.

 

А.А.ДАУТКУЛОВ,

Шелек ауылдық округі әкімі