Ағымдағы жылдың 10 ақпанынан бастап облыстық маңызы бар Есік-Саймасай (Алтын адам көшесінің) төменгі бөлігі бір айға жабылатынын хабарлаймыз.

Ағымдағы жылдың 10 ақпанынан бастап облыстық маңызы бар Есік-Саймасай (Алтын адам көшесінің) төменгі бөлігі бір айға жабылатынын хабарлаймыз.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолды күрделі жөндеу жұмысын жүргізу мақсатында бұл жолды жабу қажет етуде. Осыған орай бүгін аудан әкімдігінде қала тұрғындарымен жиын өтіп, көшенің төменгі бөлігін жабу туралы шешім қабылданған болатын.
Яғни, Ә.Бөкейханов мектебінен бастап ҮАК-на дейінгі учаскеде жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Айналма жол ҮАК жолы – Бөлек ауылы және Талғар тас жолы арқылы қозғалысы болады.

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, кешірім сұрай отырып, түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз!