Саймасай ауылдық округіндегі ішкі жолдарды орташа жөндеу жұмыстары

Саймасай ауылдық округіндегі ішкі жолдарды орташа жөндеу жұмыстары

      

Аудан әкімі Саймасай ауылдық округіне қарасты Амангелді ауылына жұмыс сапарымен барып, ауылдағы Жаңа және Жағалау көшелерінде жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

       Жол жөндеу жұмыстары аудандық маңызы бар көше инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған. Қазіргі уақытта асфальт төсеу, жол жиегін нығайту, сондай-ақ суағар жүйелерін ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде.

      Аудан әкімі жөндеу жұмыстарының сапасына ерекше назар аударып, мердігер мекемеге оларды сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтау бойынша нақты тапсырмалар берді.