
19.05.2026 ж. Рахат ауылдық округіне қарасты Рахат орта мектебінде «Діни экстремизмге жол жоқ» тақырыбында оқушылармен кездесу өтті.
Кездесу барысында оқушыларға қазіргі қоғамда кездесетін жат діни ағымдардың белгілері, олардың жастарға тигізетін зияны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігінде таралатын күмәнді діни ақпараттарға сенбеу, тек ресми әрі сенімді дереккөздерге жүгіну қажеттігі айтылды.