
Нашақорлықтың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Бүгін Рахат ауылдық округі аумағында нашақорлықтың алдын алу және оның қоғамға тигізетін зияны туралы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында округ тұрғындарына есірткі құралдарының адам денсаулығына, отбасыға және қоғамға әкелетін кері әсерлері жөнінде ақпарат беріліп, арнайы дайындалған брошюралар таратылды.
Аталған шараның негізгі мақсаты – жастар мен тұрғындарды салауатты өмір салтына баулу, зиянды әдеттердің алдын алу және құқықбұзушылықтың жолын кесу.
👉 Қауіпсіз қоғам – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі!не