
09.05.2026 ж. Рахат ауылдық округіне қарасты Азат ауылында орналасқан ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді.
Іс-шара барысында Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, олардың рухына тағзым жасалды.
Жеңіс жолында жанын қиған боздақтардың ерлігі – ұрпақ жадында мәңгі сақталады.